USD
USD
USD

Euronews: «Ақтаудағы ұшақ апатына ресейлік зымыран себеп болды»

Кеше Ақтауда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағын ресейлік «земля-воздух» зымыраны атып түсірген, деп жазады Euronews Әзірбайжан үкіметіндегі дереккөздерге сілтеме жасап.

Ұшақ апаты
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Дереккөздің айтуынша, ұшақ Грозныйға қонбақ болған кезде зымыран ұшырылған, сол кезде олар дронның шабуылын тойтарып жатқан. 

Болжам бойынша, зымыран ұшақтың жанында жарылып, оның сынықтары ұшақты зақымдаған.

Euronews ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, ұшқыштардың апатты жағдайда қону туралы өтініш білдіргенін мәлімдеді. Алайда ұшақтың зақымданғанына қарамастан Ресейдің ешбір әуежайы қонуға рұқсат бермеген. Әуе кемесіне Каспий теңізі арқылы Қазақстанның Ақтау қаласына қарай ұшуды бұйырған. 

Алайда бұл ресми мәлімдеме емес. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты