USD
USD
USD

Трамп АҚШ-тағы ең биік таудың атын өзгертуге ниетті

Дональд Трамп Солтүстік Америкадағы қазір Денали деп аталатын ең биік таудың бұрынғы атауын қайтаруға ниетті екенін мәлімдеді. 

Америкадағы тау
Фото: wikipedia.org

Алматы, NEGE. Тау XIX ғасырдың аяғында АҚШ-тың 25-ші президенті Уильям МакКинлидің есімімен аталған. Алайда 2015 жылдың тамызында сол кездегі президент Барак Обама таудың атауын өзгерткен болатын. Тау Аляскада орналасқан және Денали ұлттық паркінің орталық бөлігі болып саналады, оның биіктігі 6168 метр.

«Ол керемет президент болды. Сол себепті МакКинлидің есімін қайтаруға ниеттіміз. Ол соған лайық деп ойлаймын», - деді Трамп.

XVIII ғасырдың соңында Аляска АҚШ-қа сатылғанға дейін бұл шың Ресейдегі ең биік шың болды. 1896 жылы алтын өндірушілер тауды сол кезде Америка Құрама Штаттарының президенттігіне үміткер болған Уильям МакКинлидің құрметіне атады.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

күдікті

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

.

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

.

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.