USD
USD
USD

Жетісу облысында үйде жалғыз қалған 7 жасар қызды алдап, ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Жетісу облысында үйде ересектердің жоқтығын пайдаланып ұрлық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 19 желтоқсанда Текелі қаласының полициясына жергілікті тұрғыннан 6 миллион теңгеге жуық көлемдегі алтын бұйымдарын ұрлау бойынша арыз түскен.

Оқиға түскі уақытта үйде тек оның кәмелетке толмаған 7 және 4 жасар балалары бар кезде болған. Ата-анасы болмаған кезде белгісіз ер адам үйге келіп, оған 7 жасар қыз есікті ашқан. Күдікті ересектердің жоқтығына көз жеткізіп, үйде алтын зергерлік бұйымдар бар ма деп сұраған, қорыққан қыз бала, жатын бөлмесінен алтын бұйымдары бар қорапты алып берген, содан кейін ер адам оқиға орнынан қашып кеткен.

Арыз түскен сәттен бастап полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын дереу бастады. Нәтижесінде 37 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Оның жеке басы жедел қызметкерлердің үйлесімді жұмысының арқасында анықталды.

Күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. 

Қазір оқып жатыр

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев

Mercedes-Benz көлігі, жан басына шаққандағы табысы 356 мың болатын отбасыға жәрдемақы берілмейді

Әлеуметтік төлемдер тақырыбындағы брифинг

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі