Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстаннан Өзбекстанға шекарадағы тоннель арқылы жанармай тасымалдағандар анықталды

Түркістан облысы прокуратурасының бастамасы және үйлестіруімен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу және ҰҚК департаменттері, Өзбекстан Республикасының құқық қорғау органдарының ынтымақтастығы арқылы қылмыстық топтың қызметі тоқтатылып, мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен тасымалдауға арналған туннельдің көзін жойды.

Бас прокуратура
Фото: Бас прокуратура

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, топ қазақ-өзбек шекарасында ұзындығы 450 метрлік туннель салған. Осы туннель арқылы күн сайын көлемі 5-7 тонна жанар-жағармай материалдарын контрабандалық жолмен шығарып отырған. Заңсыз әрекеттері шамамен екі айға созылған. Арнайы шаралармен қылмыстық топтың барлық мүшесі, оның ішінде Өзбекстан азаматтары да белгілі болды.

Іс-шаралар Өзбекстанның құқық қорғау органдары мемлекеттік шекараның маңындағы аймағында өткізді. Сонымен қатар, көрші мемлекеттен экспортталған жанармайдың ақша аудару схемасы анықталды.

Трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері Қазақстан аумағында да, Өзбекстан аумағында да ұсталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында генератор ұрлағандар бір ауылды сусыз қалдырған

генератор ұрлығы

Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша айыпталушы сотта қысым көргенін мәлімдеді

Күдікті, Нұрай

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президентіне көңіл айтты

жер сілкінісі