6 Қазан 09:21

Алтынмен апталған баспана. 2021 жылы үй бағасы НЕГЕ күрт қымбаттайды?

Фото:

Келесі жылы 720 мың адам 1 триллион теңгеден астам зейнетақы жинақтарын шешіп алуы мүмкін. Мамандар ол ақшаның түгел дерлігі баспанаға жұмсалатынына сенімді. Демек бізді 2005 жылғыдай үй нарығындағы ажиотаж күтіп тұр.

Nege.kz есебінше, егер азаматтар зейнетақы қорынан шамамен 1,2 триллион теңге шешіп алса, оның ішінен тұрғын үй нарығына шамамен 800 миллиард теңге келуі мүмкін. 800 миллиард теңгенің жартысы қазіргі ипотеканы мерзімінен бұрын жабуға кетсе, қалған 400 миллиард баспана сатып алуға жұмсалмақ. Осы кезде тұрғын үй бағасының өсуі мүмкін бе?

«Бұл жерде күтілім факторы бар», – дейді Ryskulov Analytics сарапшысы Жасұлан Көшеев. «Жақын арада зейнетақы жинақтары тұрғын үй нарығына құйылады деген ақпараттың өзі бағаның шамамен 20 пайызға өсуіне себепші бола алады».

«Бірақ бұл қысқа мерзімді эффект қана. Жинақтарын шеше алатын жандардың көбі баспаналы екенін ескерсек, бәрі жаппай үй ала бермейді. Сол кезде нарық оны түсініп, бағалар орнына келеді»

«Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тек 6% -ы ғана өз жинақтарын пайдалана алады», – дейді жылжымайтын мүлік нарығында жұмыс істейтін «Тетин» компаниясының бас директоры Лев Тетин. «Осы азаматтардың әрқайсысы екінші деңгейлі банктер мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің несиелеу критерийлеріне сәйкес келуі керек»

«Оның нәтижесінде 40-50 пайызы іріктеу кезеңінен өтпей қалады. Ал қалғандарының сатып алу әрекеттері елдің барлық аумақтарына жайылатындықтан, әсері шашыраңқы болады»

Лев Тетиннің айтуынша, ипотекалық несиелеу талаптарына сәйкес келетін тұрғын үй кешендерінің үлесі жалпы ұсыныстың 10-15 пайызына тең. Сондықтан, ажиотаж күшті болады деуге негіз жоқ. Бағалар онсыз да ай сайын өсіп барады. Бірақ олардың өсу себептері басқада жатыр.

«Тағы бір факторды ұмытпайық», – дейді Жасұлан Көшеев. «Коронавирус пандемиясы кезінде үйге, пәтерді жалға алуға деген деген қажеттілік азайды. Азаматтардың жағдайы нашарлап, кірістері төмендеді. Сәйкесінше, олар банк төлем қабілеттілігін тексеру кезінде ипотекаға іліне алмауы мүмкін. Сондықтан үлкен бір сұраныс бола қоймайды».

Nege.kz сарапшылары есебінше, карантинге толы 2020 жылға қарағанда, келесі жылы ипотека көлемі айтарлықтай өседі деуге негіз бар. 2021 жылы жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу операцияларының саны биылға қарағанда 50 мыңға көп болуы мүмкін. Осы импульсті нарыққа зейнетақы жинақтарынан келген 400 миллиард теңге бере алады.

Тегтер: