6 Мамыр 16:53

Алматыда жолды кесіп өтпек болған қызды автобус басып кетті

Фото:
Алматыда жолдан өтіп бара жатқан қызды автобус басып кетті,

деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы, NEGE. Оқыс оқиға 5 мамырда сағат 11.40 шамасында Науаи көшесі бойында орын алған.

«Zhontong автобусының жүргізуші Науаи көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен жаяу жүргінші №7-ші қалалық клиникалық ауруханасына жатқызылды», - деп хабарлады Алматы қаласы ПД Анықтау бөлімінің бастығы, полиция майоры Олжас Шәріпов.

Полициядағылар ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Тегтер: