Құрбан шалу орындары бекітілді

Құрбан айт мерекесі қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық» қоры еліміз бойынша құрбан шалуға арналған арнайы орындардың тізімін жариялады.
АЛМАТЫ, NEGE. 2025 жылы Құрбан айт 6 маусымда басталады. Құрбан шалу рәсімі еліміздің барлық өңірінде арнайы белгіленген мал базарларында, қасапханаларда және мешіттерде ұйымдастырылады.
Астана қаласында құрбандық шалу «Жайлау», «Баракат», «Шанхай», «Шопан ата», «Ет хан», «Шаушен» шаруа қожалығы — Алаш тас жолы, 136Б мекенжайындағы мал базарларында өтеді.
Алматы қаласында — «Алтын сақа» мал базарында.
Шымкентте — «Халал Қасап» мал базары мен қасапханасында.
Семейде — «Сары» мал базары мен «Ақшың» қасапханасында.
Көкшетауда — «Бижан ет өңдеу» кешені мен қалалық мал базарларында.
Ақтөбеде — СПК «Айбек» ет комбинаты, «Дала елі» ЖШС, «Есік» ЖШС, ЖК «Молдабеков», ЖК «Қасым» мал базарларында.
Қонаевта — Қарлығаш шағынауданында.
Атырауда — «Тума» мал базары және «Иманғали», «Құспан молла», «Қ.Мұңайтпасов» мешіттерінде.
Оралда — «Ел ырысы» және «Адал ет» мал базарларында.
Таразда — «Байданов» және «Рамазан» мал базарларында.
Талдықорғанда — «3-ші бөлімше» тұрғын үй алабы мен қалалық мал базарында.
Қарағандыда — «ТОО АРАЙ КЗ» (Гоголя 2/23), «ШҚ Хасенов» (Сейфуллина 53), «ИП АБИШЕВ» (Резника 18) мекенжайларында.
Қостанайда — «Амиго» және «СОЮЗ» ТС мал базарларында.
Қызылордада — КЗО мал базарында.
Ақтауда — «Көркем Әлем ет комбинаты» базарында.
Павлодарда — «Құлагер» ипподромында.
Петропавлда — Жұмысшы кентіндегі (Космонавтар көшесі, 2) мал базарында.
Түркістан облысында — «Түркістан-Ахмет Ясауи» орталық мешіті және бірқатар ауылдық мешіттер мен «Құлагер Ет» ЖШС, «Қарабұлақ», «Сайрам» қасапханаларында.
Жезқазғанда — «Құлжанов» және «Рыбачий» мал базарларында.
Өскеменде — «Атығай Асуы» мал базарында құрбан шалуға болады.
Айта кетейік, ҚМДБ құрбан шалуды онлайн форматта өткізуге арналған арнайы qurban2025.kz сайтының жұмысын да іске қосқан. Бұл мүмкіндік қашықта жүрген немесе уақыт жағынан шектеулі жандар үшін тиімді болмақ.