1 Тамыз 09:00

Шайнап бергенді жемегендер. НЕГЕ жергілікті билік бизнестің көмегін игере алмады?

Фото:

Мұнай-газ компаниялары батыстағы облыстарға коронавируспен күресу үшін 9 миллиард теңге көмек көрсеткен. Соның өзінде жергілікті атқарушы билік жағдайды жақсарта алмай отыр.

Кімнің қалай көмектескені туралы petrocouncil.kz тарқатып жазады. Негізгі көмекті Атырау мен Маңғыстау облысы алған. Облыстық денсаулық сақтау басқармаларына көпфункционалды кереуеттер, дефибрилляторлар, ЭКГ мен ультрадыбыстық құрылғылар, төсектер, тепловизорлар мен ИВЛ құрылғылары жеткізілген.

Фото: petrocouncil.kz

9 миллиард теңге аз қаржы емес. Бірақ өкінішке орай, қомақты көмек алған батыс өңірлері коронавируспен қарсы күресте бәлендей жетістікке жете қойған жоқ. "Бар мәселе осы көмекті жергілікті биліктің қалай пайдалануында", - дейді, GSB UIB бизнесті талдау орталығының сарапшысы, экономист Мақсат Халық.

Әсіресе аймақтардағы шенділердің өз жұмысына жауапты қарауы үлкен маңызға ие болып отыр. Ірі қалаларда бюджет шығыстары қоғам талқысына салынып, ашық қарала бастады. Бірақ аймақтар үшін бұл әлі үлкен проблема.

Мақсат Халықтың айтуынша, аймақтарда бюджетті былай қоя тұрып, бизнестің бөлген қаржысын орынды ұйымдастыру жұмысы ақсап отыр. Президенттің айтқан ұсыныстары өңірлерде басқаша сипат алып жатады.

Тақырыпқа орай: Оба ошағындағы «откат» ойнағы

 

Бизнес барын берді. Әлеуметтік жауапкершілік деген ұғым бар. Бірақ осы көмек НЕГЕ денсаулық саласындағы жағдайды жақсартпай жатыр? Коронавируспен күреске арналған қаржыны талан-таржыға салғандар қалай тыныш ұйықтайды? Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрайымын қабылдады. Енді Есеп комитеті өңірлерді жаппай тексереді. Сол кезде біраз былықтың ашылары анық.

Тегтер: