USD
USD
USD

Ақылбек Жапаров Үкімет мүшелеріне тойға баруға тыйым салды

Қырғызстан президенті әкімшілігінің алқа мәжілісінде министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров үкімет мүшелеріне тойға баруға тыйым салды, деп хабарлайды 24.kg.

Той
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, мемлекет басшысының барлық жарлығы мен тапсырмасы сапалы әрі уақытылы орындалуы тиіс. Министрлер кабинетінің басшысы Садыр Жапаровтың той өткізу кезінде мал союға және ысырапшылдыққа тыйым салу туралы қаулысына жеке тоқталды.

«Егер сіз бір жерде ысырап жасалғанын көрсеңіздер, ол жерге бармаңыз. Тойда жүрмеңіздер», – деді А.Жапаров.

2022 жылдың ақпанында Қырғызстанда іс-шаралар өткізу кезіндегі шектеулер туралы президент жарлығына қол қойылды. Оның мақсаты – азаматтардың әлеуметтік-экономикалық өмір сүру деңгейін арттыру, сондай-ақ қоғамдағы рухани атмосфераға теріс әсер ететін діни жоралар, рәсімдер, басқа да іс-шараларды өткізу кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу.

Қазір оқып жатыр

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк тасымалдаушылардан кепілдік жарна талап етіле бастайды

«Қазығұрт» өткізу бекеті