Референдум Референдум
USD
USD
USD

Түркістан облысында әкімдік қызметкері балабақша иесіне қол көтерген

Түркістан облыстық білім басқармасында өткен комиссия отырысында балабақша иесіне күш қолданған.

балабақша
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл сәттің видеосы отырыстың түсірілімі кезінде түсіп қалған. Бұл туралы Otyrar.kz жазды.

Бейнежазбаны Түркістан қалалық мәслихат депутаты Сәкен Хандиллаев Facebook парақшасында жариялады.

«Әкімдіктен пана, көмек сұрап келіп жатқан халық келіп, таяқ жеп кетіп жатса, „Мемлекеттік қызмет туралы“ заң бұған не дейді? ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бұған не дейді, әлде мемлекеттік қызметкерлерге арналған заң тек аудандар мен ауыл әкімшіліктерінде қызмет жасайтын жәй мамандарға ғана қолданылады ма?», — деп жазды автор.

Бұл жайт облыстық білім басқармасында өткен балабақшалар жөніндегі комиссия отырысы кезінде болған. Соққыға жығылдым деген әйел балабақша иесі екен. Отырыс кезінде әйел азаматтары арасында жанжал туындаған. Видеодан әкімдік қызметкерінің балабақша иесіне ашуланып, кейін жұлқылап, қол көтергенін көруге болады.

«Соңғы үш-төрт жылдан бері әйелдерге қатысты зорлық зомбылық жасағандарға қарсы заңдарды қатаңдату бойынша мемлекеттік деңгейде талқыланулар болып, нәтижесінде Заңға қол қойылып, бекітілді. Ол заңға сәйкес, әйелдерге қол көтергені үшін 3- 8 жыл аралығында қылмыстық жауапкершілікке дейін тартылатын секілді. Ал осындай әйел кісіні, мемлекеттік органның ішінде, мемлекеттік қызметкер дүйім жұрттың көз алдында ұрып- соғып жібергені үшін сот 10 АЕК көлемінде айыппұл қарайды екен. Ал осы әйел кісі отбасында осындай шапалақ жесе, күйеуі 20 тәулікке қамалар еді. Осындай жағдайларға қарап, мемлекеттік қызметкерге әйелдерді ұруға артықшылықтар берілген бе деген ой келеді», - деп жазды мәслихат депутаты Сәкен Хандиллаев.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда