USD
USD
USD

Үлескерлер құрылыс компаниясына 2,5 млрд беріп, алданып қалды

Ақтөбеде прокурорлар үлескерлерді 2,5 млрд теңгеге алдаған құрылыс компаниясының басшыларына қатысты істі тергеп, сотқа жіберді. 

Үлескерлер
Фото: Ақтөбе облысы прокуратурасы

 Алматы, NEGE. Бұл туралы Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Ақтөбе облысының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы және 279-бабының 1-бөлігі («Алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру, сондай-ақ құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе талаптарды бұзу») бойынша қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеу облыс прокуроры Халидулла Дәуешовтің жеке бақылауында болған.

«2019-2023 жылдары Safina тұрғын үй кешенінің басшысы К. және бір серіктестіктің директоры А., Ақтөбе қаласының 12-ші және «Алтын Орда» шағын аудандарында салынып жатқан көпқабатты үйлерден пәтер береміз деген желеумен үлескерлердің 2,5 млрд теңгесін иемденген», – делінген хабарламада.

Прокуратураның мәліметінше, биыл 25 сәуірде Ақтөбе қаласының прокуратурасы 2 күдіктіге қатысты қылмыстық істі Ақтөбе қаласының № 2 сотына жолдаған.

Облыс прокуратурасы қазақстандықтарға қырағы болуға және алаяқтардың айласына түсіп қалмауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Астанада талапкерлерді оқуға түсіруге уәде еткен оқытушы 3,5 жылға сотталды

Кісен

Аудит арзан емес. «PSA» НЕГЕ жыл сайын шығынға батады?

PSA

«Рөлде мас күйдегі құқық қорғау органы қызметкері болған»: Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Жол апаты

Ресейде Қазақстан үшін маңызды газ өңдеу зауытына дронмен шабуыл жасалды

Орынбор газ өңдеу зауыты