26 Сәуір 00:18

Алматы облысының Ұйғыр ауданында ұлтараздықты қоздырған әйелге сот үкімі шықты

Сот
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы облысы Ұйғыр ауданының аудандық сотында азамат М.-ға қатысты ұлттық араздықты қоздырғаны үшін (ҚК 174-бабының 1-бөлігі) қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады Kazinform.

Алматы, NEGE. Алматы облысы сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен жылдың 6 қараша күні сағат 19:00 шамасында М. азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға бағытталған аудиожазбаны What'sApp мессенджерінде көршілерінің әртүрлі ұлт азаматтары бар чатына жіберген.

Аталған аудиожазба қоғамдық тәртіпті бұзып, Ұйғыр ауданының тұрғындары арасында наразылық тудырған.

«Прокурор М.-ға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауды сұрады. М. кінәсін мойындады, шын ниетпен өкініп, соттан бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады. Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен дәлелденіп, расталған, атап айтқанда, сотталушының айғақтарымен, куәгерлердің жауаптарымен, заттарды тексеру хаттамасымен, сараптама қорытындысымен және басқа да объективті дәлелдемелермен өз дәлелін тапқан», - деп хабарлады Алматы облысы сотының баспасөз қызметі.

ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігінің санкциясы екі мыңнан жеті мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салу, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сот жеңілдететін жағдай ретінде шын ниетпен өкінуін, ауырлататын жағдайлардың болмауын, зейнеткерлік жасын, денсаулық жағдайын ескере отырып, сотталушыны түзету оның қоғамнан оқшауланбай-ақ қол жеткізуге болады деп санады.

«Сот үкімімен М. кінәлі деп танылды және оған ҚК 44-бабының 2-бөлімінде көзделген міндеттерді орындай отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінеді соттың хабарламасында.