USD
USD
USD

Қуат Хамитов тасқын судан зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек жіберді

Қазақстандық ММА шебері Қуат Хамитов Атырау облысында тасқын судан зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек жіберіп, қол ұшын созды.

Гуманитарлық көмек
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл туралы танымал жекпе-жек шебері өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді.

«Алланың разылығы үшін, өзімнің атымнан Атырау облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жібердім. Қай елде болмасам да, халқыммен әр дайым біргемін», – деп жазды спортшы.

Ол өзінің видео үндеуінде егер елде болса тасқын судан зардап шегіп жатқан өңірлерге барып, қызмет етуге дайын екенін де атап өтті.

«Елде болсам, Құлсарыға барып қызмет етуге болатын еді. Өкінішке қарай, қазір шетелде дайындықта жүрмін. Сондықтан аз болса да халқыма, еліме пайдам тисін деп өз атымнан гуманитарлық көмек жіберіп жатырмын», – деді Қ.Хамитов.

Сондай-ақ, ол тасқыннан зардап шеккен басқа да облыстарға қолұшын беруге дайын екенін айтты.

Айта кетейік, Хамитов қазіргі таңда Тайландта кезекті жекпе-жегіне дайындалып жатыр. Ол 11 мамырда танымал ресейлік файтер Александр Шлеменкомен октагонға шығады.

Хамитов – Шлеменко арасындағы жекпе-жек Екатеринбург қаласында өтеді.

Александр Шлеменко соңғы жекпе-жегін 15 желтоқсанда Екатеринбургте өткізіп, серб спортшысы Александр Иличті нокаутпен жеңген болатын. Қазіргі уақытта орыс спортшының қоржынында 64 рет жеңіс болса, 15 рет есе жіберген. Тағы бір сында қарсыласымен тең түссе, бір жекпе-жегі өтпей қалды.

36 жастағы Қуат Хамиттің еншісінде 24 жеңіс, 8 жеңіліс пен 1 тең нәтиже бар.

Қазір оқып жатыр

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев

Mercedes-Benz көлігі, жан басына шаққандағы табысы 356 мың болатын отбасыға жәрдемақы берілмейді

Әлеуметтік төлемдер тақырыбындағы брифинг

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі

Қазақстанда ең жоғары 2,4 млн теңге жалақыны қандай дәрігерлер алады?

дәрігер