7 Қыркүйек 16:30
...

Әкімдіктің бизнесіне айналып кеткен. СПК «ASTANA» НЕГЕ былыққа белшесінен батты?

Фото:

Жақын арада СПК «ASTANA» құқық қорғау органдарының назарына ілігуі мүмкін. 2020-2021 жылдардағы компанияның тірлігіне көптеген сұрақ туындап отыр.

СПК «ASTАNA» – Астана әкімдігіне қарасты квазимемлекеттік компания. Ол өңірдің әлеуметтік, азық-түліктік мәселелерін шешуге арналған болатын. Соңғы жылдары осы СПК форматы үлкен сынға ұшырап жүр. Тіпті алдағы жылдары олар президент үкімімен жабылып тынуы да ғажап емес. Себебі – СПК-лар жемқорлыққа белшесінен батып отыр. Олардан өңірге ешқандай пайда жоқ. Және өздері күн санап қарызға кіруде.

2021 жылдың қортындысы бойынша СПК «ASTANA» 38,8 миллион теңге табыс көрсете алды. Есесіне, 2020 жылы 1 миллиард теңгеге жуық шығынға батқан болатын. Қазір компанияның жинақталған қарызы 937 миллион теңгені құрап отыр.

СПК «ASTANA» АҚ 2021 жылдың қортындысы бойынша аудиттелген қаржылық есебі. Аудитор: Nurteam Audit

СПК «ASTANA»-ға "SPK Astana Development", "Астана орманы", "Астана-Зеленстрой", "Астана Тазалық", "Астана-Энергия", "Астана-Региональная Электросетевая Компания", "Астана-Теплотранзит", "Астанинская ЭнергоСбытовая Компания", "Астана Innovations", "Астана-Бюро специального обслуживания", "Астанаэнергосервис", "Центр координации и экспертизы проектов развития города Нур-Султан", "Көкөніс қоймасы" сынды оннан астам түрлі компаниялар қарайды. Оларды құруға, сатып алуға СПК «ASTANA» жұмсаған инвестицияның қазіргі нарықтық құны 194,7 млрд теңге болып отыр. СПК өз қолында ұстап отырған жылжымайтын мүліктердің жалпы құны 7,7 миллиард теңгеден асқан. Бірақ олардың көбісінің өңірдің экономикалық дамуына еш қатысы жоқ, табиғи монополия нысандары болып табылады.

Бір қызығы, СПК «ASTANA» бизнес моделі әр құрылыс компаниясына ақша беріп, кейін олар салып біткен нысанның 2,5 пайызын өзіне алуға негізделген. Ол бір жағынан, құрылыс лоббиінің айтқанымен жүру болып табылады. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ревизиялық комиссия арнайы тексеру жүргізіп, 278 миллион теңгеге заң бұзушылықтар тапты. Сол қаржыны СПК жергілікті бюджетке аударған.

Негізінен, әр өңірдегі СПК-лар азық-түлік қауіпсіздігіне, баға тұрақтылығына жауап беруі тиіс. Олар осы міндеттердің ешқайсысын орындаған жоқ. Әрқайсысы өзіне бизнес модель ойлап тауып, мемлекет қаржысын депозиттерде ұстап, айналдырумен айналыса бастаған.

Мысалы, СПК «ASTANA» бос ақшаны депозитке салып, 98 миллион теңге пайда алды. Бірақ оның әу бастағы міндеті мен функциясы мүлде басқа болатын.

Тегтер: