USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев МИФИ ректоры Владимир Шевченкомен кездесті

Мемлекет басшысы «Мәскеу инженерлік-физикалық институты» ұлттық ядролық зерттеу университетінің ректоры Владимир Шевченкомен әңгімелесу барысында еліміз үшін ядролық энергетиканың стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қазақстанда «Росатом» бастаған халықаралық консорциумның қатысуымен алғашқы АЭС құрылысын жүргізу қолға алынғанына тоқталды. Бұдан бөлек, тағы бірнеше станса салу жоспарланып отыр.

2022 жылы Алматыда МИФИ филиалы ашылды. Оқу орнынан алғашқы магистрлер түлеп ұшты.

Президенттің пікірінше, бұл ядролық энергетика саласында біліктілігі жоғары маман даярлауға септігін тигізеді.

МИФИ ядролық ғылымды дамытуда және атом мамандарын даярлауда әлемдегі жетекші орталықтардың бірі ретінде танылған.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар