«Хайп» үшін күмәнді интернет-трендтерге ермеңіздер – ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады
Ішкі істер министрлігі азаматтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. «Құрметті азаматтар! Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде “хайп”, лайк немесе түрлі конкурстар үшін жасалатын арандатушылық әрекеттер көбейіп барады. Кейбір жастар сауда орталықтарында немесе көшеде айғайлап, жартылай жалаңаш жүгіріп, жұртқа кедергі келтіріп, өздерін “шоу” етіп түсіріп жүр. Мұндай әрекеттер үшін заңда жауапкершілік қарастырылған.
Жуырда елордада болған осындай оқиға бойынша құқықбұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Лайк жинау үшін жасалған мұндай әрекет батылдық та, креатив те емес. Бұл – қоғамдық тәртіпті бұзу, көпшілікке құрметсіздік көрсету, ар-ұятқа жат қылық. Қоғамдық орында жасалған кез келген заңға қайшы немесе ұят әрекетке жол берілмейді. Заңға сәйкес жауапқа тартылады.
Баршаға, әсіресе жастарға айтарымыз: күмәнді интернет-трендтерге ермеңіздер. Өзіңізді де, айналадағы адамдарды да құрметтеңіздер. Нағыз құрмет пен абырой жақсы іс, пайдалы ой, дұрыс әрекет арқылы келеді. ІІМ мұндай жағдайларға қатаң тосқауыл қойып, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастыратын болады. Қоғамдық тәртіп – бәрімізге ортақ міндет. Интернетте де, күнделікті өмірде де мәдениет пен парасаттылықты сақтайық», –деді департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Қазір оқып жатыр
«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі
Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды
Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды