6 Желтоқсан 16:28
...

Адами капитал. «Халық жаулары» НЕГЕ Қазақстанды төрге көтерді?

Фото:

Кейде экономистер өте қызық құбылыстарды зерттеп, одан ешкім күтпеген нәтиже шығарып жатады. Ғалымдар Герхард Туус пен Пьер-Луи Везинаның зерттеуі бойынша, Совет Одағы кезінде итжеккенге айдалған адамдардың ұрпақтары тектілігімен сол жердің экономикасын жақсы көтеріп отырған.

Бұл зерттеу The Economist журналында жарияланды. Онда «халық жаулары» мен сталиндік ГУЛАГ құрбандарының бір кездері түрме лагерлері ұйымдастырылған аймақтардың дамуына әсері туралы қызықты фактілер бар. Ресми деректер бойынша, 1921-1951 жылдары «халық жауы» деген жаламен 2,65 миллион кеңес азаматы тұтқындалған.

«Халық жауларының» барлығы диссидент емес еді. Сәл ауқатты деп танылған адамдар да ГУЛАГ-қа айдалды. Шындығында, «халық жауларының» барлығы сауатты болған», – деп жазады зерттеу авторлары.

«Жоғары білімді «халық жауларының» үлесі 1927-1953 жылдары 15 пайызға жетті. Демек, сол кездегі интеллегенцияның басым бөлігі жер аударылды. Сол кезден бастап «халық жаулары» отырған түрмелер орналасқан аймақтар осы фактордан пайда көре бастады»

Ол қалай? Зерттеу бұрын «халық жаулары» отырған лагерьлердегі аймақтардың қазіргі экономикалық даму деңгейін өлшеген. Лагерьдегі «халық жауларының» үлесі неғұрлым жоғары болса, сол аймақтардың тұрғындары соғұрлым экономикалық тұрғыда дамыған және жоғары білімді болып шықты.

Түрмедегі «халық жаулары» тұтқындарының үлес салмағының 10%-ға артуы аймақтағы жалақының 8%-ға өсуіне, бір қызметкердің еңбек өнімділігінің 23%-ға өсуіне алып келген. «Халық жаулары» түрмеден босап шыққаннан кейін де, оларды билік ірі қалаларға жолатпады. Сондықтан, олар түрмеге жақын жерлерге қоныстанып, отбасын құрып, олардың балалары мен немерелері білімді азамат болып өсіп шықты.

Фото: Аргументы и Факты

Адамзатқа қарсы қылмыс жасаған Сталиннің репрессиялары Қазақстанды да шарпығанын айта кету керек. ГУЛАГ жүйесінің ірі лагерьлері біздің елде орын тепті. Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері (АЛЖИР), Карағанды лагері (КарЛАГ), Ақтөбе, Жезқазған, Екібастұз лагерьлеріне Кеңес Одағының кем дегенде жарты миллион адамы айдалды.  

ГУЛАГ мыңдаған отбасының тағдырын ойрандап, кеңестік жүйенің жыртқыш бейнесін анық көрсетті. Бірақ Сталин адами капиталды жоя алмады. Оған осы зерттеу дәлел болып отыр.  

Тегтер: