USD
USD
USD

Абай облысында жол апатынан үш студент қайтыс болды

Семейдегі Әлихан Бөкейхан Университетінің үш студенті жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы оқу орнынының басшылығы мәлімдеді.

d
Фото: Ашық дереккөз

Астана, NEGE. Оқиға 2 қараша күні Бесқарағай ауданы, Жыланды ауылының маңында болған. Омбы-Майқапшағай автожолында Toyota Avensis жеңіл автокөлігі мен Howa жүк көлігі бір-біріне соғылып, үш адам қаза тапты. 

«Әлихан Бөкейхан Университетінің басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары атынан оқыс жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан университет өрендері – Заң факультетінің студенттері Тұрарбеков Нұрмағамбет Бауыржанұлы, Оңдабай Рефхат Серікжанұлы мен Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің студенті Абдималиков Рустамбек Нурмуродұлының ата-аналары мен туған туыстарына, жақындары мен дос-жарандарына қайғырып көңіл айтамыз»,– делінген оқу орнының хабарламасында. 

Абай облысының полиция департаменті жол апатына қатысты «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу» бабы бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Жетісуда еңбек өтілі 20 жылдан асатын шенеунік құмар ойын үшін жұмыстан босатылды

Шенеунік

14 қыркүйектен бастап тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың деректері тексерілмек

Отбасы банк

Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Дұғам қабыл болды»: Бақытжан Базарбек жол апатында зардап шеккен жігіттің қазіргі жағдайын айтты

Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен адам есін жиды