USD
USD
USD

ЮНЕСКО 15 желтоқсанды Түркі тілдерінің күні деп жариялады

Өзбекстанда өтіп жатқан Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының (ЮНЕСКО) 43-бас конференциясында 15 желтоқсан «Түркі тілдерінің әлемдік күні» деп жарияланды.

Турции при ЮНЕСКО посол
Фото: aa.com.tr

Астана, NEGE. Самарқан қаласында 194 елден келген 5 мыңнан астам делегаттың қатысуымен басталған ЮНЕСКО-ның 43-Бас конференциясында 15 желтоқсанды «Түркі тілдерінің халықаралық күні» деп жариялау туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның бастамасына арналған шешім жобасы қаралып, мақұлданды.

ЮНЕСКО жанындағы Түркияның тұрақты өкілі, елші Гүлнұр Айбет 15 желтоқсанның маңызды күн екенін атап өтті, себебі дәл осы күні VIII ғасырға жататын түркі тіліндегі ең көне жазба деректер – Орхон жазбалары алғаш рет оқылған. Ол бұл күн түркі өркениеттерінің ортақ мәдени және рухани байлығын бейнелейтін тарихи күн екенін, сондай-ақ халықтар арасындағы мәдени жақындасу мен диалогқа ықпал ететінін айтты.

«ЮНЕСКО түркі тілдерінің әлемдік күнін атап өту арқылы көптілділікке, мәдени алуандыққа және халықтар арасындағы диалогқа деген өзгермес ұстанымын тағы да растайды», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Ғаламат жұт шежіресі» еңбегінің авторын І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Валерий Михайлов

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды

Қазақстан құрамасы

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау