15 Тамыз 10:59
...

Жайыққа батып кеткен жеті жастағы бала іздестіріліп жатыр

Фото:

Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖ департаментінің 4 сүңгуірі, 1 техникасы жұмылдырылды.

Алматы, NEGE. "15 тамыз күні сағат 07.30-дан бастап Атырау қаласының Қызылбалық ауылында 14 тамызда сағат 21.00-де шамасында Жайық өзенінің жағасында тұрған қайықтардың үстінде ойнап жүрген 2015 ж. т. бала суға батып кеткен, судан іздестіру жұмыстары жүргізілуде",- деп хабарлады Атырау облысы ТЖД-дан.

Бала суға кеше батып кеткен.  Іздеу жұмыстары 14 тамыз күні сағат 22-25-тен басталған.

Тегтер: