USD
USD
USD

Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израильде жүрген қазақстандықтарға ескерту жасады

Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі ушығу қаупінің жоғары болуына байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израильде жүрген Қазақстан азаматтарына ескерту жасады.

V
Фото: kazgazeta.kz

Алматы, NEGE. Министрлік қазақстандықтарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, қырағылық пен сақтық танытуға, аталған елдердің билігі қабылдаған қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз орындауға және Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуға шақырды.

Сыртқы істер министрлігімен және шетелдегі дипломатиялық өкілдіктермен жедел байланыс телефондары:

Қазақстанның Ирандағы Елшілігі (Тегеран қ.):
+98 21 2256 5933 (Елшіліктің кезекші қызметкері);
+98 936 208 4672 (ұялы телефон, WhatsApp);
Мекенжайы: Тегеран қ., Даррус, Хедаят көш., 83 үй.

Қазақстанның Горгандағы Бас консулдығы:
+98 912 298 0350 (ұялы телефон);
+98 173 252 0443 (жұмыс телефоны);
+7 701 771 3401 (WhatsApp);
Мекенжайы: Горган қ., Едалат-97 көш., Мина аллеясы.

Қазақстанның Бандер-Аббастағы Консулдығы:
+98 930 298 5703 (ұялы телефон, WhatsApp);
Мекенжайы: Бандер-Аббас қ., Фаджр көш., Вальфаджр-1, 7-үй.

Қазақстанның Израильдегі Елшілігі (Тель-Авив қ.):
+972 (3) 503 7885 (Елшіліктің кезекші қызметкері);
+972 53 631 5213 (ұялы телефон, WhatsApp);
+972 55 273 3813 (ұялы телефон, WhatsApp);
+7 700 111 3196 (WhatsApp);
Мекенжайы: Тель-Авив қ., Аяркон көш., 52А ғимараты.

ҚР Сыртқы істер министрлігі:
+7 7172 72 05 00;
Мекенжайы: Астана қ., Д.Қонаев көшесі, 31.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс