Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Адвокат: Айтбек Амангелді QANTAR қорынан ақша алған

Шерзат Полатқа қатысты істе жаңа жайт белгілі болды — адвокат Мейірман Шекеевтің айтуынша, Айтбек Амангелді бұған дейін ешқандай ақша алмағанын мәлімдегенімен, шын мәнінде QANTAR қорымен келісімшартқа отырып, қаламақы алған.

А
Фото: azh.kz

Алматы, NEGE. Мейірман Шекеевтің сөзінше, QANTAR қоры мен Айтбек Амангелді арасында расымен келісімшарт болған. Қор өкілдері Шекеев істі қашан қабылдағанын нақтылап, алдыңғы заңгермен келісімді бұзғысы келген.

"Олар менің қорғауға қашан кіріскенімді анықтады. Себебі олар алдыңғы адвокатпен есепті жауып алуды көздеді. Айтбек бұған дейін ешқандай қаржы алмағанын айтқанымен, қор басшылығы басқаша мәлімдеп отыр — үш адвокатқа төлем жасалғанын дәлелдейтін аудиожазбалар мен құжаттар бар, — деді Шекеев.

Айтбек Амангелді бұған дейінгі сұхбаттарында өзінің бұл істі тегін атқарғанын бірнеше рет айтқан. Алайда Шекеевтің келтірген деректері бұл мәлімдемеге күмән тудырады. Қор тарапынан төлемдер жасалғаны нақты құжаттармен расталатыны айтылып отыр.

QANTAR — танымал қоғамдық бастама. Оның құрылтайшылары қатарында Болат Әбілов, Арманжан Байтасов, Мұхтар Жәкішев, Ораз Жандосов, Асылбек Қожахметов, Данияр Қанафин және өзге де танымал тұлғалар бар.

Қазір оқып жатыр

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.