USD
USD
USD

Шалқарда жаңадан ашылған саябақта баланы тоқ соқты

Шалқар қаласында жақында ғана ашылған саябақта 10 жастағы баланы тоқ ұрды. Оқушы алдымен аудандық ауруханаға шұғыл жеткізіліп, ауыр халге түскеннен кейін санитарлық авиациямен облыс орталығына жеткізілді, деп хабарлады КТК.

С
Фото: inbusiness.kz

 Алматы, NEGE. Оқиға болған сәтте баланың кіммен бірге болғаны әзірге белгісіз.

"Консилиум өткізіліп, емдеу тағайындалды. Бүгін таңертең медициналық авиация арқылы бала бізге жеткізілді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, электр күйіктері бар", - деді Ақтөбе облыстық көпбейінді балалар ауруханасының травматологы Қуантай Махамбетов.

Оқиға болған сквер небәрі бір ай бұрын — Жеңіс күніне орай салтанатты түрде ашылған. Алаңды абаттандыруға шамамен 9 миллион теңге бөлінген. Құрылымның не себепті тоқ соққанын қазір сарапшылар анықтап жатыр. Ал жергілікті әкімдік баланың өзі бағанға өрмелегенін айтып отыр.

"Ол ескерткіш қоршауының жанындағы шам бағанына өрмелеп шыққан, сол кезде тоқ соққан. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, бала аудандық ауруханаға жеткізілді. Алғашқы көмек көрсетілген соң Ақтөбеге жөнелтілді", - деді Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімінің орынбасары Қаржаубай Қалжан.

Оқиғаның нақты себептерін тергеу анықтайды. Қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

ТЖМ-нің жоғары лауазымды қызметкері түнде шу шығарды ма: Полиция не дейді?

Ерлан Төрегелдиев

Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс жасаған таксист 10 тәулікке қамалды

Жүргізуші

Түркістан облысында зейнеткердің үйін жөндеп бермек болған еріктілер шатырдан 5 млн теңге тауып алды

Ақша

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі болды

Құрылтай сайлауы