USD
USD
USD

Түркістан облысында медицина қызметкерлері "Трамадол" дәрісіне жалған рецептер жазумен айналысқан

Есірткілік әсері бар "Трамадол" препаратына жалған рецептер жасап, оны заңсыз айналымға шығарған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Топ мүшелерінің бәрі медицина саласының қызметкерлері. Олардың қоймаларынан 170 мың дана таблетка тәркіленді. 

Т
Фото: Polisia.kz

Алматы, NEGE. Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сенсек, есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлардың заңды айналымына бақылау жүргізу бойынша алдын алу шарасы аясында 577 медицина мекемесі мен 132 өндірістік кәсіпорын тексерілген.

"Тергеуден соң құрамында есірткі және психотроптық заттар бар 23 мың ампула мен 6 мың таблетка тәркіленді. 135 медицина қызметкеріне қатысты материалдар жиналып, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне жолданды. 380 мың тонна прекурсордың айналымына шектеу қойылып, 70-тен астам заңды тұлға жауапкершілікке тартылды. 20 есірткіге қатысты қылмыс анықталды", – деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында ірі кәсіпорыннан 380 мың тонна прекурсор тәркіленіп, компания жауапқа тартылды. Ал Ақмола облысында Көкшетау қаласының 2003 жылы туған тұрғыны құрамында есірткі бар препараттарды сатқан кезде ұсталды.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысында психикалық бұзылыстары бар адамдар көлік жүргізіп келген

жолдағы жылдамдық

Атырау облысында хирург МӘМС аясында тегін жүргізілетін отаға ақы алып келген

алаяқтық

Алматыда автобустың дөңгелегі шұңқырға түсіп кетіп, жолды жауып тастады

ор

ҰБТ-да смартфон мен шпаргалка алып өтпек болған 522 талапкер тесттен шеттетілген

ҰБТ