USD
USD
USD

Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтің қызметкерлері өздеріне сыйға берілген пәтерлерін көрді

Танымал продюсер әрі актриса Баян Алагөзованың күйеуі, "Maxi Шай" сусынын өндіретін Galanz Bottlers компаниясының иесі Тұрсынғали Алагөзов мамыр айының соңында жүзге жуық қызметкеріне Алматыдан пәтер сыйлаған еді. 

А
Фото: Баян Алагөзованың желідегі парақшасынан

Алматы, NEGE. 2025 жылдың 20 маусымында сол пәтерлердің алғашқы иелері жаңа үйлерін алғаш рет көрді. Олардың фото және видеолары Баян Алагөзованың Instagram парақшасында жарияланды.

"Бүгін Galanz Bottlers компаниясының қызметкерлері күйеуім сыйлаған жаңа пәтерлерін алғаш рет көрді! Әрқайсысы үшін шын жүректен қуаныштымын", – деп жазды Баян Алагөзова.

Фото мен видеоларда қуанып тұрған қызметкерлер жаңа пәтерлерінің кілттерін көрсетіп, есіктерінің алдында тұр. Барлық есіктердің түрі бірдей, тек пәтер нөмірлері ғана әртүрлі, сондықтан қызметкерлердің бәрі бір үйден пәтер алған болуы мүмкін.

Видеодан жаңа пәтерлердің іші де көрінеді, барлығы қарапайым (черновая отделка) күйде берілген, яғни жөндеу жұмыстары жасалмаған. Пәтерлердің нақты қанша бөлмеден тұратыны белгісіз. Айта кетейік, 2025 жылғы сәуір айындағы мәлімет бойынша жаңа үйлердің шаршы метрі 468,8 мың теңгеден 498,2 мың теңгеге дейін, яғни 6,3% өскен.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park