USD
USD
USD

Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында ел қоржынына екінші алтын түсті

Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан жеңімпаз атанды, деп хабарлады prosports.kz.

Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында ел қоржынына екінші алтын түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұдан екі жыл бұрын Белградта өткен әлем чемпионатында күміс жүлде алып, қазақтың Ломаченкосы атанып кеткен түркістандық Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық, Джизак облысының өкілі Ойбек Джураевпен қолғап түйістірді.

Бірінші раунда Махмұд соққыларын дәл жұмсап, төрешілердің бәрін өзіне бұрды – 5:0. Екінші кезеңде бес қазының төртеуі басымдықты қазақ боксшысына берді. Үшінші раундта М.Сабырхан қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Сөйтіп оны бет қаратпай, айқын басымдылықпен ұтты.

Осылайша, Махмұд Сабырхан Санжар Тәшкенбайдан кейін Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды.

Бүгін сондай-ақ Қазақстаннан Асланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбай финалда өнер көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

Ермұрат Бәпи: «Мені сатқын деуге ешкімнің хақысы жоқ»

Decaf

«Таза Қазақстан»: «Әділет» партиясы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруда

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Астанада автосалон менеджері 53 млн теңгенің сегіз көлігін заңсыз сатып, қаржыны өз қалтасына басқан

Менеджер

Пәкістанда мектептің төбесі опырылып, 32 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты

Оқиға орны