USD
USD
USD

Ақтау маңындағы ұшақ құлаған жерден тағы бір қара жәшік табылды

Кеше Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырап, кейін қара жәшік табылған еді. Бүгін тағы бір қара жәшік табылғаны белгілі болды. Бұл туралы Маңғыстау облысының көлік прокуроры Абылайбек Ордабаев мәлім етті.

Ақтау
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. «Борттан екі қара жәшік табылды. Әуе оқиғаларын тергеу басқармасына тапсырылып, кейін олар қаралады», — деді Маңғыстау облысының көлік прокуроры Ақтауда өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ көлік прокуроры ұшақ құлаған жерде жүргізілген жұмыстар туралы айтты.

«Зардап шеккендерден және жердегі қызмет қызметкерлерінен жауап алынды. Сондай-ақ барлық куәгерді анықтап жатырмыз. Диспетчерлер мен экипаж арасындағы радиостанция бойынша келіссөздер жазбасы алынды. Оқиға орнын тексеруді аяқтау сатысында 4 мың шаршы метрден астам аумақты полиция күшімен күзету қамтамасыз етілді«, — деп толықтырды спикер.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты