3 Қараша 13:11

ҰШАР мен НАЙЗА. Тоқаев Ердоғанға ТАЗЫ күшіктерін сыйламақ

Фото:

Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысу үшін Астанаға келген Түркия президенті Ережеп Тайып ЕРДОҒАНҒА Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ тазы күшіктерін сыйламақ. Бұл туралы ҚазТАГ дереккөзге сүйеніп жазды.

Астана, NEGE. Дереккөздің хабарлауынша, Тоқаев Ердоғанға тазының екі күшігін сыйламақ көрінеді. Мұндай мәртебеге әлемдік лидерлердің бәрі бірдей ие болған жоқ. Сондай-ақ биыл Түркия мемлекеті 100 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Қазақстан президентінің сыйлығы осы мерейтойға байланысты болуы әбден мүмкін.

Қазақ халқы жеті қазынаның біріне жатқызған тазы – ұлттық құндылығымыз. Тазы – өте жылдам, шыдамды әрі таза ит.

Фото: ҚазТАГ

Ердоғанға сыйламақ тазы күшіктерінің бірінің аты – Ұшар, екіншісі Найза екен.  

Тегтер: