USD
USD
USD

Шығыс Қазақстанда қос азаматтығы бар 48 адам анықталды

ШҚО-да полицейлер қос азаматтығы бар 48 адамды анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 9 азамат сот шешімі бойынша Қазақстаннан тыс жерлерге шығарылды. ШҚО полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы қос азаматтығы бар облыс аумағында тұратын адамдарды анықтау үшін үнемі тексерулер жүргізеді. Мысалы, Өскемен қаласының 59 жастағы тұрғыны 2021 жылдың мамыр айында көрші мемлекеттің азаматтығын алған, бірақ бұл туралы заңда белгіленген мерзімде құқық қорғау органдарына хабарламаған.

– Шетелдіктің жеке куәлігі мен Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты тәркіленіп, Қазақстан азаматтығынан айыру тіркелді. Заңды бұзғаны үшін ер адам 200 АЕК көлемінде айыппұл төледі, – деп атап өтті ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары қос азаматтықты ресімдеген облыстың 48 тұрғынын анықтады, оның 9-ы сот шешімі бойынша ел аумағынан шығарылды.

ШҚО ПД көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елімізде қос азаматтыққа жол берілмейтіндігін және заңнама талаптарын сақтауды ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Каспийде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Құрылтай сайлауы

Маңғыстау облысында 9 әскери қызметші суға кетіп қаза болды, тағы бірнеше адам іздестірілуде

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Астанадағы фельдшер қазасы: прокурор МИБ басшысының бас бостандығын 2 жылға шектеуді сұрады

прокурор Саяжан Серікова

Мәслихат депутаттары қайта сайланады: Тоқаев Жарлыққа қол қоятынын айтты

Қазақстан Халық Кеңесі