USD
USD
USD

Қостанайда плакатқа балағат сөздер жазған қызға 185 мың теңге айыппұл салынды

Учаскелік инспектордың плакатының астына балағат сөздер жазған қостанайлық тұрғынға ірі көлемде айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Учаскелік полицейдің плакатына балағат сөздер жазып, көңіл көтермек болған 21 жастағы қыз жазаланды. Іс-әрекеттері үшін оған шамамен 185 мың теңге көлемінде айппұл салынды.

Оқиға көпқабатты үйлердің бірінде болған. Онда бақылау камераларының көмегімен екі қыздың лифтке кіргенін байқауға болады. Учаскелік полицейдің тұрғындарға ақпараттандыру үшін ілген плакатына 21 жастағы қыз маркермен балағат сөздер жазған. Бейне арқылы құқықбұзушыны тез анықтады.

Анықталғандай, қыз бала қазірдің өзінде құқық қорғау органдарында есепте тұр. Ол бұрын ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін, бұл ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылады. Осындай бұзушылық үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 20 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»

Жарасбаев

«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті

Тоқаев

2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев

Мәди Такиев

Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады

Бибісара Асаубаева