USD
USD
USD

Вьетнамда сотталған қазақстандықтар жазасын Қазақстанда өтейді

Мәжіліс Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялады. Құжатқа 2023 жылы 21 тамызда Ханойда қол қойылды.

Қазақстан-Вьетнам
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Келісім Вьетнамда қылмыс жасағаны үшін сотталған қазақстандықтарға жазасын Қазақстанда өтеуге мүмкіндік береді. Бұл сотталғандарды оңалту және өз ұлтының қоғамына интеграциялау үшін қолайлы жағдай туғызады. Вьетнамдықтар да осындай мүмкіндікке ие болады.

Биыл мамыр айынан бастап қазақстандықтар үшін Вьетнаммен туристік виза алынып тасталды. Сондықтан бұл елге туристер ағынының өсу динамикасы болжанып отыр. Бұл ретте қазақстандық туристердің құқық бұзушылық жасауы мүмкін екенін де жоққа шығаруға болмайды.

Қазірдің өзінде 23 мемлекетпен осындай келісім жасалған. Статистикалық деректерге сүйенсек, сотталғандардың мүдделерін қорғау саласындағы халықаралық тәжірибе оң нәтиже көрсеткен. Өзге де келісімдерге сәйкес, соңғы төрт жылда 160 азамат Қазақстанға, 260-тан астам шетелдік Қазақстаннан өз отанына қайтарылған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда оқу бағдарламасы мен оқулықтар мазмұны өзгертіледі

Оқушы

Трамп жақын арада Макронның Франция президенті қызметінен кететінін айтты

Франция президенті

Қазақстанда мәдениет және ақпарат саласындағы 20-дан астам заңға өзгеріс енгізілмек

Конституция

БҚО-да 16 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген бұрынғы шенеунік көз жұмды

Аурухана