USD
USD
USD

Астанада оқушы қыздарға қырындаған мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Әлеуметтік желіде астаналық ұстаздың оқушы қыздарға қырындап, мазасын алып жүргені туралы видео тарап, дау шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Істің мән-жайына қатысты қалалық білім басқармасы пікір білдірді.

«Мұғалім 2024 жылғы 2 қыркүйектен бері сынақ мерзімінде жұмыс істеді. Мектепішілік тәртіп комиссиясының шешімімен педагог 2024 жылғы 30 қыркүйекте жұмыстан босатылды», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай ұстазды ҚР Еңбек кодексінің 52 бабы, 14 тармағы негізінде (тәрбиелеу функцияларын атқаратын жұмыскер осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын, моральға қайшы қылықтар жасаған) жұмыстан босатқан.

Ата-аналар шу шығарғаннан кейін жұмыстан қуылған мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді, тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды», - деп растады елорданың полиция департаменті.

Сондай-ақ, еліміздің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын желіде жазды.

Қазір оқып жатыр

Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»

Жарасбаев

«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті

Тоқаев

2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев

Мәди Такиев

Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады

Бибісара Асаубаева