31 Қазан 10:55

Сәкен Сейфуллиннің еш жерде жарияланбаған видеосы табылды

Фото:

Ресей мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мұрағатынан Сәкен Сейфуллин түскен видео табылды, деп хабарлады Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты. 

Алматы, NEGE. Видео 1935 жылы Қазақ автономиясының құрылғанына 15 жыл толуына орай түсірілген.

«ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асып жатқан гранттық жобалар негізінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жас ғалымдары, атап айтқанда PhD доктор Ермұхамет Маралбек пен Ономастика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Әрлен Сейтбатқал Институттың Ахметтану бөлімінің зерттеу бағыты бойынша жүргізіліп жатқан «Ахмет Байтұрсынұлының жазу реформасы: теориясы мен тәжірибесі» (AP13068356)» гранттық жобасы аясында Маскеудегі мемлекеттік архивтен бірнеше құнды видео тапты.

Сәкен Сейфуллин, Әліби Жангелдин, Ораз Исаев, Ораз Жандосов сынды тұлғалардың видеосын елге алып келген жас ғалымдардың қоржынында көптеген олжа бар. Оның бәрін алдағы уақытта жариялаймыз», – делінген хабарламада. 

Тегтер: