24 Маусым 13:37

Ләззат Жылқыбаева: Алматыда үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешілді

Білім басқармасы
Фото: ғаламтордан

Алматы қаласы әуелден білім мен мәдениеттің ошағы. Кез келген жаңашылдықты тәжірибеге енгізуден де көш алдында. Бүгінде қала мектептерінде білім алып жатқан оқушылардың жетістігі де зор. 

NEGE тілшісі осы және қаладағы білім саласына қатысты сауалдарды Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Әуезханқызы Жылқыбаеваға қойған еді.

Алматы қаласы білім сапасы бойынша көш басынан түскен емес. Биылғы оқу жылындағы көрсеткіш қалай? 

– Жалпы қаламыздағы оқушылардың білім сапасы айтарлықтай жоғары. Оған дәлел – Алматы қаласының олимпиадалық командасы 18 жыл қатарынан республика бойынша «Үздік олимпиадалық команда» атағын алып жүр. Алматы қаласының құрама командасы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың гран-приін жеңіп алып, 45 қатысушының ішінен 31 оқушы медаль иегерлері атанды. Сондай-ақ, Алматы құрамасы 43 жүлделі орынға ие болды. Соның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша командалық есепте бірінші орын (9 алтын, 14 күміс және 20 қола медаль) жеңіп алып, «Үздік олимпиадалық команда – 2023» атағына ие болды.

2024 жылы Алматы қаласының 140 оқушысы 17 халықаралық олимпиада мен ғылыми конкурсқа қатысып, нәтижесінде 66 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. Сондай-ақ, 340 оқушы 18 республикалық олимпиадалар мен конкурстарға қатысып, 184 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды.

PISA-2022 оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі 2023 жылы желтоқсан айында жарияланған халықаралық зерттеуге сәйкес, Қазақстан алғаш рет математика және жаратылыстану пәндері бойынша 50 көшбасшы елге кірді, Алматы қаласы осы пәндер бойынша республика көлемінде 1 орынға ие болды.

Қаланың білім беру саласындағы тағы бір маңызды жетістік – білім алушылардың жетістіктерінің республикалық мониторингінің қорытындысы бойынша 9-сынып оқушылары арасында 1-орынға ие болды.

Алматы қаласы Білім басқармасы
ғаламтордан

Жалпы, қаладағы мектептердің сапасы, жабдықталуы біркелкі емес. Осы жағынан қандай мәселе бар?

– Мәселен, модернизациядан өткен кабинеттер сапалы білім беру ортасын қалыптастырады, сабақтарға динамизм мен тартымдылық береді. Бұл игі шаралар оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал ете отырып, зерттеу және шығармашылық белсенділіктің жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Осы мақсатта 2023 жылы жан басына шаққандағы қаржыландырумен 205 пәндік кабинет (110 мектеп), оның ішінде: 49 химия, 50 физика, 51 биология, 26 STEM, 29 робототехника сатып алынды. Қазіргі таңда 215 мемлекеттік білім беру ұйымының 206 мектебінде жаңа модификациядағы бір және одан да көп кабинеттер (химия, физика, биология, STEM және робототехника) бар, бұл орташа есеппен 95,81%-ды құрайды.

Биыл жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде қаражаттың жеткіліксіз болуына байланысты өз бетінше пән кабинеттерін сатып алуға мүмкіндігі жоқ мектептерді есепке ала отырып, қаладағы 88 білім беру ұйымына жергілікті бюджеттен 168 пәндік кабинеттер орнатылды. Сондай-ақ, осы жылы қаржыландыру аясында 95 мектепке жаңа модификациядағы 132 пәндік кабинеті сатып алынды. Мектептерді жаңа модификациядағы пән кабинеттерімен жабдықтау шаралары 2029 жылға дейін жүзеге асырылады.

Тағы бір ірі жоба – Кешенді қауіпсіздік жүйесін енгізу. Жоба аясында қаланың барлық мемлекеттік орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында полицияның жедел басқару орталықтарымен интеграцияланатын «дабыл түймелерімен», өткізу жүйесімен (турникеттер), өрт қауіпсіздігі жүйесімен, бейнебақылау камераларымен жабдықталды.

Алматы қаласы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қандай іс-шара атқарылуда? Қалада үш, екі ауысымды мектептер саны азайып келе ме?

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Алматы қаласында 36800 орынға арналған 22 мектеп салынуда. Ұлттық жоба көп жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан үш ауысыммен оқытатын және апатты мектептер мен оқушы орындарының тапшылығын жоюға бағытталған.

Осы мақсатта Алатау ауданында – 6 мектеп, Алмалы ауданында – 1, Әуезов ауданында – 1, Бостандық ауданында – 3, Жетісу ауданында – 1, Медеу ауданында – 1, Наурызбай ауданында – 5, Түрксіб ауданында 4 мектеп салынатын болады. Оның ішінде 23100 орынды 13 мектептің құрылысына бірыңғай тапсырыс беруші – «Самұрық-Қазына Констракшн».

Алматы қалалық Білім басқармасы
ғаламтордан

Қалған 11700 орындық 8 мектептің ғимараттары «Жайлы мектеп» талабына жауап беретін жеке инвесторлардан сатып алынады. Ал «Алғабас» ықшам ауданында салынатын 2000 орынға арналған 1 мектептің құрылысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылады. Жаңа мектептер 2025 жылға дейін салынып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Айта кету керек, жайлы мектептер қажетті оқу жабдықтарымен, түрлі пәндік кабинеттермен, бейнебақылау және дыбыстық хабарлау жүйелерімен, балаларға арналған жеке шкафтармен толық жабдықталады.

Алматыда үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешілді. Алатау ауданы Мәдениет шағын ауданындағы 1500 орындық жаңа мектептің ашылуы қаладағы жалғыз №196 үш ауысымды мектеп мәселесін шешуге жол ашты.

«Білімді ұлт» сапалы білім» ұлттық жобасы білім сапасын арттыруға қандай үлес қосты?

– Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асырылуда. Жаңа 22 мектеп 36 800 оқушы орнын қамтамасыз етеді, олардың құрылысы қаланың барлық сегіз ауданында жоспарланған. Әкімдік оқушы орындарының тапшылығын шешудің үш тетігін қолданады: мемлекеттік бюджет есебінен, жер учаскелерінің меншік иелерінен сатып алу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберіндегі құрылыс.

Осылайша, 2026 жылға дейін жаңа білім беру нысандарын салу есебінен, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде 3000-4000 орын тапшылығының басқарылатын деңгейіне шығуды жоспарлап отырмыз.

Қазақстан Республикасы Президентінің «100 заманауи Оқушылар сарайының құрылысы» республикалық бағдарламасын іске асыру бойынша тапсырмасына сәйкес робототехника, VR, бағдарламалау, заманауи шеберханалар сияқты классикалық, эстетикалық, сондай-ақ инновациялық бағыттарды көздейтін инновациялық шығармашылықтың екі орталығының құрылысы аяқталды. Олардың әрқайсысына аптасына 5000 бала бара алады. Бұл қала әкімдігінің біздің балаларға деген үлкен назары болып табылатын бірегей жоба. Біз бұл орталықтардың мүмкіндіктерін пайдаланып, қаланың қосымша білім саласындағы ең үздік мамандарды барынша тартып, креативті идеялар алаңына айналдырып келеміз.

Қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету шеңберінде Түрскіб және Бостандық аудандарында 30-шы жылдары салынған оқушылардың екі үйін бұзу және олардың орнында күніне 800 келушіге дейінгі қуаты бар заманауи даму және шығармашылық орталықтарын салу арқылы жаңарту жоспарланды.

2025 жылға дейін қажеттілік бар аудандарда халықаралық стандарттарға сай келетін қосымша білім берудің тағы 3 заманауи орталығын салу жоспарлап отыр. Жалпы, 2025 жылдың соңына қарай қабылданып жатқан шаралар есебінен тегін қосымша біліммен қамтудың өсуі 25%-ға дейін ұлғайтылатын болады. Осылайша, тегін үйірмелерге қатысатын балалардың санын 60 мыңға дейін арттыру көзделген.

Алматы қаласында инклюзивті білім беруді іске асыратын мектептер саны жыл сайын артып келеді. Қазіргі уақытта қалада 198 мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жағдай жасалған (85%). Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қамту жыл сайын артып келеді. Егер 2020-2021 оқу жылында 3672 бала инклюзивті білім берумен қамтылса, 2022-2023 оқу жылында 4 632 бала қамтылды.

Алматы Білім басқармасы
ғаламтордан

Қаланың 185 мектебінде ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды қолдау бойынша кабинеттер жұмыс істейді, олардың 8-і аудандардың тірек мектептері болып табылады (№82, 75, 116, 63, 87, 64, 174, 74) және ЕББҚ бар балалармен жұмыс істейтін педагогтарға әдістемелік көмек көрсетеді.

Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының базасында инклюзивті ресурстық орталық (ИРО) ашылды. Сондай-ақ, инклюзивті білім беруді іске асыратын жалпы білім беретін мектептердің 600 педагогы біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Сонымен қатар былтыр 1500 педагог білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, кәсіби құзыреттіліктерді дамту бойынша біліктіліктерін арттырды. Қала педагогтерінің кәсіби дамуына бағатталған шаралар өз нәтижесін беруде.

Қаламыздағы Наурызбай ауданы №200 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі Ишингалиева Айгүл Мақсотқызы ЮНЕСКО серіктестігімен ұсынылған 2023 жылғы 1 миллион АҚШ доллары тұратын «Әлем мұғалімі» конкурсына қатысып, Жаһандық Ұстаз сыйлығының 50 үздік финалисі атанды. Сондай-ақ, жыл сайынғы «Үздік педагог» республикалық байқауының қорытындысы бойынша алматылық 6 педагог 3 млн теңге көлемінде республикалық грант иегері болды.

 Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен қалалық «Алматы ұстазы» байқауы өтіп, жеңімпаз атанған 5 педагог Сингапур елінде халықаралық тағылымдамадан өтсе, бас жүлде иегері №159 гимназия ұстазы Анапияева Салтанат қала әкімі атынан қосымша 5 млн теңге грантқа ие болды.

«Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» аясында мемлекеттік балабақшалар, педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарымен қамту көзделген. 2023 жылы 3559 педагог, оның ішінде 92 меңгеруші және 50 әдіскер, 3417 тәрбиеші, психологтар, музыка жетекшілері, дене шынықтыру және қазақ тілі оқытушылары біліктілікті арттыру курстарымен, оның ішінде Сингапурда, Ұлыбританияда шетелдік тағылымдамамен қамтылды.

«Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданғалы бері не өзгерді? Ұстаз беделін қайтсек арттыра аламыз? Жастар арасында ұстаздық кәсіпті насихаттау қай деңгейде?

– Мемлекет басшысы ұстаздардың мәртебесін арттыруға ерекше көңіл бөліп отыр. 2019 жылдың желтоқсан айында «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануы педагогикалық қызметкерлерді қолдауға бағытталған дер кезінде жасалған қадам болды. Педагогтарға заңды түрде бірқатар әлеуметтік кепілдіктер тағайындалды, жеңілдіктер белгіленді, педагогикалық жүктеме мен еңбекақы төлеудің параметрлері белгіленді.

Бұл педагог қызметкерлерінің жалақысы көтеріліп, оқу жүктемесі азайған маңызды оқиға болды. Заңға тәуелді актілер қабылданды, әкімдіктер мұғалімдерді бұрынғыдай әдеттен тыс қызметтерді атқаруға тартпайды. Сенбі мектеп мұғалімдері үшін ресми демалыс күніне айналды, бұл әріптестерге сабаққа дайындалып, отбасымен бірге уақыт өткізуге мүмкіндік берді.

Алматы Білім басқармасы
ғаламтордан

Заңның 8-бабында мұғалімдерге материалдық қамтамасыз ету құқығы берілген – бұл мемлекеттік ұйымдарда кәсіптік қызметті жүзеге асыратын педагогке заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалатын еңбекақы, лауазымдық жалақы, қосымша ақы, үстемеақы және басқа да ынталандыру төлемдерінің жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.

Апталық стандартты оқу жүктемесі 18 сағаттан 16 сағатқа дейін қысқартылды. Соңғы үш жылда мемлекет жыл сайын мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға көтеріп келеді. Биыл мұғалімдердің жалақысы тағы 25 пайызға өсті, осылайша төрт жыл ішінде жалақысы екі есеге өсті.

Қала мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстары бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу бойынша педагогикалық жоғары оқу орындарымен және колледждермен меморандумдар жасалды. Абай атындағы ҚазҰПУ-мен меморандум аясында 15 мектепте педагогикалық сыныптар ашылды. Биылғы оқу жылында ҚазҰҚызПУ-мен мектептер арасында да осындай сыныптар ашылу жоспарлануда.

Алматы қаласында мектепке дейінгі және орта білім беруді дамытуда қандай реформалар жүзеге асып жатыр?

– Алматы қаласында халықаралық француз мектебін ашу, 5 мектепте халықаралық бакалавр дәрежесін енгізу, 15 мектепте үш тілде білім беру, құзыреттілік орталықтары үшін бірыңғай цифрлық платформа құру, PISA-жаттықтырушы платформасын құру, сондай-ақ көп функционалды орталық ашу, медициналық, педагогикалық, экологиялық және спорттық сыныптар, балалар арасында ұлттық құндылықтарды қалыптастыратын жобаларды жүзеге асыру үшін университеттер мен колледждермен бірлесіп жұмыс істейтін өзара ынтымақтастықты арттыру, Техникалық және кәсіптік білім беру саласында бизнес-инкубатор құру, жалпы кәсіпкерлік дағдыларды дамыту, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.

«Барлығына қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасы аясында мектептің бейіндік бағытын дамыту бойынша «Алматы құзыреттілік орталықтары» жобасы іске асырылуда.

Білім беру ұйымдарының базасында 138 қалалық құзырет орталықтары (қаланың әрбір ауданында 10 бағыт бойынша) ашылды, олар:

1) «Бастауыш білім беру» – білім алушылардың білім сапасын арттыру;

2) «Біртұтас тәрбие» – тәрбие жұмысын жүйелеу;

3) «Басшы кадрлар менеджменті» – жұмыстың тиімділігі мен нәтижелілігі;

4) «Функционалдық сауаттылық»: білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;

5) «IT-school» – білім алушылардың IT құзыреттілігін дамыту;

6) «Инклюзивті академия» – ЕББҚ бар балаларға әлеуметтік бейімделуге көмек көрсету;

7) «Психологиялық салауаттылық» – балалар үшін қолайлы және жайлы орта құру;

8) «Педагогикалық шеберлік» – педагогтердің сапасын жетілдіру;

9) «Оқу мектебі» – білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту

10) «Менің қауіпсіздігім» – білім беру ұйымдарының білім алушыларында, тәрбиеленушілерінде және педагогтерінде қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Мұнда консультациялық-әдістемелік жұмыстар, мазмұнды іс-шаралар, мониторингтік және талдамалық қызмет, әдістемелік ұсынымдар, ережелер, плакаттар әзірлеу, жобалар әзірлеу және оларды іске асыру, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және т.б. қызмет жүзеге асырылуда.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша ресурстық орталығы шетелдік тағылымдаманың нәтижесі ретінде 34 мектепке дейінгі ұйымда инновациялық жоба іске асырылуда.

Барлық жобалар ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбие процесіне тартуға бағытталған. Сонымен қатар Алматы қаласындағы 5 мемлекеттік мектепте әлемдік деңгейдегі стандарттарға сәйкес Ib (International Baccalaureate) халықаралық оқыту бағдарламасын енгізу бойынша жоба іске асырылуда. Қазіргі таңда мектеп директорлары мен үйлестірушілері және әр мектептен 24 мұғалім оқудан өтті (Introductory required workshops), Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында пән мұғалімдері пәндік оқытудан өтеді (subject workshops).

Интернет дамыған заманда әр баланың қолында ұялы телефон бар. Білім ұяларында кітап оқу мәдениетін қалай қалыптастыруға болады?

– Президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасының мақсаты – білім алушылардың кітап оқу мәдениетінің және кітап оқу белсенділігінің деңгейін арттыру, оқушылар, педагогтер және ата-аналар арасында кітап оқуды танымалдандыруға жағдай жасау.

Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын тудыру және арттыру үшін «Кел, балалар, оқылық» 20 минуттық оқу жобасы, сыныптан тыс іс-шаралар іске асырылуда. Сонымен қатар «Барлығына қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасы аясында білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту мақсатында «Оқуға құштар мектеп» құзыреттілік орталығы құрылды.

Алматы Білім басқармасы
ғаламтордан

Құзыреттілік орталығының мақсаты: білім алушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру және оқу сауаттылығын дамыту саласындағы педагогтердің жұмыс тәжірибесін зерделеу, қорыту және тарату.

Қала мектептерінің педагогтері мен оқушыларына келесі мәселелер бойынша көмек көрсетіп отыр:

– Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға және жетілдіруге бағытталған метапәндік дағдылар кешенін қалыптастыру бойынша пән мұғалімдерінің жұмысын үйлестіру;

– Әртүрлі әдістер мен әдістерді қолдану арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту;

– Орта білім беру ұйымдары білім алушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыру бойынша іс-шараларды өткізуде әдістемелік көмек көрсету;

– Мектеп педагогтері арасында тәжірибе алмасу, оқу сауаттылығын дамытудағы өзекті педагогикалық тәжірибені анықтау;

– Білім алушылардың оқу сауаттылығын бағалау үшін тапсырмалар банкін қалыптастыру;

– Дөңгелек үстелдер, семинарлар, конкурстар мен олимпиадаларды тұрақты өткізу онда педагог өзінің табысты тәжірибесін көрсете алады, өзін көрсете алады, сондай-ақ ғалымдардың заманауи әзірлемелерімен, басқа педагогтардың тәжірибелерімен, басқа өңірлердің тәжірибелерімен таныса алады;

– Педагог-оқушы-ата-аналар арасында оқу белсенділігін арттыру және оқу сапасын жақсарту.