USD
USD
USD

Қытай ресейлік мұнай импортынан бас тартты

Қытайдың мемлекеттік мұнай компаниялары – оның ішінде Sinopec пен PetroChina, сондай-ақ ҚХР-дың шағын жекеменшік кәсіпорындары Ресейдің «Роснефть» және «Лукойл» мұнайын сатып алуды тоқтатты. Бұл туралы Bloomberg жазды. 

Ресей мұнайы
Фото: ашық дереккөз

Астана, NEGE. Оған қазан айының соңында АҚШ-тың ресейлік екі мұнай компаниясына санкция енгізуі себеп болған. 

АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) 22 қазанда Украинадағы соғысты аяқтауға қатысты «Ресейдің бейбіт процеске айтарлықтай қызығушылық танытпауы» себепті қосымша санкциялар енгізді.

Жаңа шектеулер тек «Лукойл» мен «Роснефтьке» ғана емес, олардың 34 еншілес компаниясына да қатысты. Сондай-ақ «Лукойл» мен «Роснефть» 50% немесе одан көп үлеске ие болатын барлық компаниялардың қызметі де бұғатталатын болады.

Бұдан бір апта бұрын Ұлыбритания да «Лукойл» мен «Роснефтьке» қарсы санкциялар енгізген еді. Бұл шектеу шаралары активтерді бұғаттауды, сондай-ақ траст қызметтері мен тасымал операцияларын шектеуді көздейді.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші