Кәрім Мәсімовтің самурай қылышы сатылды
ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің самурай қылышы сатылды.
Астана, NEGE. Қайтарылған активтерді басқару компаниясы 4 қараша күні тәркіленген люкс бұйымдарды электронды сауда алаңына шығарды. 42 түрлі зат сатылымға қойылып, олардың барлығы 520 млн теңгеден астам сомаға бағаланған. Олардың қатарында, Patek Philippe, Franck Muller, Harry Winston сағаттары, Van Cleef & Arpels, DE BEERS, Yana Jewellery әшекейлері және басқа да люкс санатындағы бұйымдар бар.
Алайда, аукционға қойылған заттардың ішінен Мәсімовтың Астанадағы үйінен тәркіленген самурай қылышы ғана сатылды. Болаттан жасалған, сабы бедерлі геометриялық өрнекпен безендірілген бұйым 542,7 мың теңгеге бағаланған.
Қазір оқып жатыр
Қазақстанда алаяқтық күдігімен Кореяның 14 азаматы ұсталды
Энергетика министрлігі КҚК терминалында екі танкерге шабуыл жасалғанын растады
Алматы жүргізуші куәлігінен айыру туралы талап-арыздар саны бойынша көш бастады
Алғашқы дебаттың фавориті анықталды: саяси партиялардың алғашқы пікірсайысы қалай өтті?