30 Қараша 12:12
...

Чэн Чан, кәсіпкер: Отырып қалған қыздарды Қытайда «қалдық» деп атайды

Қалдық әйел
Фото: Фото: NEGE.KZ

Қазақ қоғамында неке қию, тұрмыс құру – қыз үшін басты құндылықтардың бірі. Сондай-ақ «отырып қалған», «кәрі қыз» дейтін де ұғым бар. Ал Қытайда 27 жастан асқан, тұрмыс құрмаған қызды «қалдық» деп атайды екен. Қазір бұл туралы әлеуметтік желілерде видеолар тарап, қазақ қоғамында талқыланып жатыр. NEGE тілшісі мәселенің төркінін Қытай азаматы Чэн Чаннан сұрап көрді.             

 – Чэн Чан ханым, Қытайда тұрмыс құрмаған қыздарды «қалдық» деп атайды екен. Бұған қатысты түрлі видеолар тарап, біздің қоғамда қызу талқыға түсті. қытай азаматы ретінде не айтасыз?

Қолдан-қолға тараған бұл видеоға қатысты айтарым, Қытайда «қалдықтарға» қатысты түсінік әртүрлі. Бұл жасқа да байланысты айтыла береді. Мәселен «қалдықтардың» кіші тобы әдетте 25 пен 28 жас аралығындағы тұрмысқа шықпаған әйелдерге қатысты айтылады. Бұл топты кейде «қалдық жауынгерлер» деп айта береді.

28-32 жас аралығындағы тұрмысқа шықпаған орта жастағы әйелдерді кейде «міндетті қонақтар» деп атайды. Ал егде әйелдерді (35 жастан асқан) кейбір өңірлерде  «китиандық қалдықтар» тобына жатқызады.

@calypso_44 мирнаизнанку#традиции#Китай #voiceeffects ♬ оригинальный звук - 🖤

Бастапқыда бұл «қалдық» атауы оларды кемсіту үшін емес, тағдырына алаңдаушылықтан туған болса керек. Әлеуметтік желілерге көз салсаңыз, 35-45 жас аралығындағы жалғызбасты әйелдердің көпшілігінің мансапта табысты екенін байқауға болады. Дегенмен бұл біздің қоғамда теріс құбылыс саналады.

– «Қалдық әйелдер» атауының мағынасы ауыр. Бұл теңеуді көбіне қай кезде қолданады? 

– Шынымен де бұл сөздің салмағы ауыр әрі мағынасы теріс. Мұны көбіне үлкен кісілер «отырып қалған қыздар тезірек тұрмысқа шықсын» деген ниетпен түркі ретінде қолданады. Дегенмен де бұрынғыдай емес, «қалдық қыздар» атауын қолдану сиреп қалды. Сонымен бірге егер теңін тапса, қазір 27 жастан кейін де тұрмысқа шығу анау айтқандай мәсәле емес.

«Ескі көз» ата-аналар 35 жастан асқан тұрмыс құрмаған қыздарына қарата әлгі атауды қолданып жатса, бұған таңырқауға болмайды. Әке-шеше өз баласына ешқашан жамандық тілемейді, сондықтан мұны қыздарын қамшылау деп түсінген жөн. Ал заманауи отбасылар «қалдық» деген теңеуді мүлдем қолданбауы мүмкін. Өйткені отбасын құруға ұмтылысы төмендейді, неке құруды шегере береді деп есептейді.

Қалдық әйелдер
NEGE.KZ

– «Қалдық әйелдер» атауы сізге қалай әсер етеді?

– Менің жасым 22-де. Әдетте қыздар 27 жасқа дейін оқуын бітіріп, жұмысқа тұрғаннан кейін тұрмысқа шыққысы келетіні сөзсіз. Бірақ біздің буын үшін жас аса маңызды мәселе емес. Егер қыз бен жігіттің әке-шешелері келіссе, олар ерте ме, кеш пе бәрібір үйленеді. 

– Қытайда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі қалай?

– Бізде де тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі бар. Бұл тек бізде ғана емес, бүкіл әлемдегі өзекті мәселе болса керек. Тұрмыстық зорлық-зомбылық әйелдердің тұрмысқа кеш шығуына себеп болуы әбден мүмкін. Күнделікті өмірден көріп жүргеніміздей, зорлық-зомбылық қыздардың отбасын құруға деген ынтасын төмендетеді. Тұрмыс құруға асықпайды. Кез келген әйел үшін ең басты мәселе – дұрыс таңдау жасау. Қателесуден қорқатындар көп. Қазіргі уақытта көптеген табысты әйелдердің салт басты екені осының бір дәлелі болса керек.

Қалдық әйел
NEGE.KZ

– Осы жағдайдың әйел мен еркек арасында гендерлік теңсіздікке алып келмей ме? Қазір «әйел еркектен мықты» деген ұғым пайда болды...

– Әрине, бұл жағдай гендерлік теңсізікке соқтыруы мүмкін. Мұны әркім әртүрлі қабылдайды. Қыз бала жасының ұлғайып бара жатқанына, «қалдық әйелдер» тобына кіруге жақындап қалғанына алаңдап, өз принциптерін бұзып, негеке тұруы мүмкін. Бұл дұрыс емес. Дегенмен кейбір әйелдер ештеңеге қарамай, өз дегенімен жүріп-тұрады, өзіне «қауіпсіздік жастығын» жасап алады. Өздеріңіз білетіндей, бүгінде күшті әрі тәуелсіз қыздар туралы ұғым Азияға да жетті. Айталық, қытайлық әйелдердің бір бөлігі күйеуіне тәуелді болғысы келмейді. Олар да еркін өмір сүргісі келеді.

– Қыздарға ерте тұрмысқа шықпауға әсер ететін факторлар қандай?

– Ең алдымен – үлкендер тарапынан қысым көруі. Одан кейін жағымсыз жаңалықтардың көбеюі, тұрмысқа шығуға қорқыныш пайда болуы. Жігіт пен қыздың қаржылық жағдайдың сәйкес келмеуі де негізгі факторлардың бірі. Жүктіліктен қорқу, тұрмыстық зорлық зомбылықтан қорқу, «қауіпсіздік жастығын» дайындап алу қажеттігі де себеп. Сондай-ақ себептер қатарында ене мен келінінің қарым-қатынасы нашар болуы мен екі тараптың үй шаруасы, отбасылық міндеттерді мойнына алмау, күйеуіне қамқорлық жасағысы келмеуі де бар.

Автор: ЗЕРЕ НАРБЕКОВА