«ЕБИТДА-сы» шықты. «ҚазМұнайГаз» НЕГЕ қарызға белшеден батты?
шықты және ҚМГ-нің өзі өткен коронакризисті жылдың өте ауыр болғанын мойындады. Мұнай фьючерстері 0 доллардан төмен түсіп кеткен құбылмалы кезең ұлттық компанияны нокдаунға жіберген болатын.
Есеп бойынша таза пайда 2019 жылмен салыстырғанда 85,2%-ға құлдыраған. Өз тарихында тұңғыш рет деуге келер, компания небәрі 416 миллион доллар кіріс түсірді. Мұндағы EBITDA көрсеткіші (салық алынғанға дейінгі ортақ кіріс және компания үлесінің бағасы) 2,7 миллиард долларға құлаған. Ал «ҚазМұнайГаздың» таза қарызы 9,7 миллиард долларға жеткен.
ҚМГ-нің негізгі қаржылық көрсеткіштері. Фото: kmg.kz
«Біз үшін 2020 жыл күрделі кезеңге айналды», – дейді ҚМГ басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев. Оның айтуынша, нәтижесінде компания барлық қиындықты еңсере алған.
«2020 жылы ҚМГ қаржылық нәтижелеріне мұнай бағасының құлдырауы, ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді шектеу және коронавирус індеті сияқты факторлар едәуір ықпал етті. Бірақ сыртқы сын-тегеурінге қарсы тұру үшін дер кезінде қолға алынған шаралар біз болжағаннан да жақсы көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік берді. ҚМГ бұл жолы мұнай бағасының төмендеуіне барынша дайын болып шықты. 2020 жылдың қорытындысы бойынша компания оң бос ақша ағынын қамтамасыз етіп, кредиттік рейтингтерді сақтай алды. Қаржылық ковенанттардың бұзылуына және қарыздың өсуіне жол берілмеді»
«ҚазМұнайГаз» бәрі жақсы болғанда, біртіндеп қарызынан құтылуды жоспарлап отырған болатын», – деп түсіндіреді Экономикалық бастамаларды қолдау қорының сарапшылары. «Бірақ ол жоспарлардың бәрін коронавирус пандемиясы бұзды. ҚМГ-ны матап ұстап тұрған проблемалар аз емес, ол – үлкен сыртқы қарыз, ішкі әлеуметтік міндеттемелері мен жүктемелері және жалпы мұнайдың болашақтағы басты энергия көзі ретіндегі тұманды перспективасы».
«ҚМГ қарызын айтарлықтай өтей алмады, бірақ бір жақсысы қарызды көбейткен де жоқ. «Қашаған» жобасы компанияның қаржылық есебін нашарлатқаннан басқа еш пайда әкелмеді. Бұл жағдайда топ-менеджмент 2021 жылы мұнай нарығындағы жағдайдың жақсаруына сыйынып отыр. Тек әлемдегі қолайлы конъюнктура ғана ҚМГ-ның шұңқырдан шығуына септесе алады»
Мұнай бағасы арзандап кеткендіктен «Қашаған» жобасынан ҚМГ 7 миллиард теңгеге шығынға батты. ҚМГ үлесін ұстап отырған Ural Group Limited, «ПетроҚазақстан Инк.» және Valsera Holdings B.V. компаниялары 25 миллиард теңге шығын алып келді.
Былтыр мұнай, газ, мұнай өнімдері және өзге де материалдардың өзіндік құны 2019 жылмен салыстырғанда бір мезетте 41,8 пайызға құлдыраған. Ал осы кезде, керісінше, өндірістік шығындар ұлғайып, оған 741 миллиард теңге шығындалды.
Пандемия кезінде компанияның әкімшілік шығындары 170 миллиард теңге болған. Бұл ретте айта кету керек, компания 2020 жылы өзінің әкімшілік шығындарын 20,5 пайызға азайта білді.