11 Қаңтар 10:20

Бюджеттің көз жасы. НЕГЕ бізде реформаларға да ақша керек?

Фото:

11 қаңтарда Мемлекет басшысы Парламентке жаңа реформалар ұсынатын болады. Оның әлеуметтік бағыты басым болары сөзсіз. Жаңа Үкімет осы тапсырмаларды орындауы тиіс.

Бір ғана сұрақ бар. Оның бәріне ақшаны қайдан аламыз?

«Қаңтар оқиғасынан» кейінгі бизнестің шығыны 100 миллиард теңгеден асатыны шүбә келтірмейді. Одан бөлек, мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық шаруашылықтың шығыны да 100 миллиард теңгеден кем түспеуі тиіс. Сонда бізде елімізді ретке келтірудің өзі кем дегенде 200-250 миллиард теңгеге айналатын болады.

Оған қоса, квазимемлекеттік сектордың мойнына артылған әлеуметтік жүктеме – автогаз бен жанармай бағасын жарты жыл бойы ұстап тұру ұлттық компаниялар табысына жағымсыз әсер ететіні анық. Компаниялар табысы мемлекеттің дивиденді болуы тиіс еді, бірақ соңғы жылдары «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына кіретін ұлттық компаниялар өз табысын мемлекетке бермей жүргенін бұған дейін жазғанбыз. Биылдан бастап бұл олқылық жойылады деген саяси сенім бар.

Енді реформалар келе жатыр. Олардың қажет екеніне еш талас жоқ. Болашақта дәл осы реформалар елдің жаңаруы мен дамуына себеп болуы мүмкін. Әңгіме мәселенің қаржылық қырында. Реформаға да ақша керек. Оны қайдан аламыз?

«Өкінішке қарай, Ұлттық қор мен бюджеттен басқа көздер жоқ», – дейді қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев.

«Ұлттық қордың өзі осындай зұлматтарда елге көмектесу үшін құрылған. Сондай зұлмат басымызға түсті. Ендігі басты мақсат, Қорды тек жеп қана қоймай, білім, қаржылық сауаттылық, ақпаратқа сыни көзқарас деңгейін сапалы көтеру қажет. Бұл – болашақта табысымызды ұлғайтудың бірден-бір жолы»

Ал экономист, «Ұлағат Консалтинг групп» директоры Марат Қайырленов бюджет пен Ұлттық қордан басқа қаржы көздерін табуға болады деген пікірде. Ең алдымен, салық төлемейтін компанияларды анықтап, олардың табысын бюджетке бұру керек. Сосын, мемлекеттік қолдау мен кедендегі резервтерді жұмсаса болады.

«Біздің компаниялардың едәуір бөлігі, шын мәнінде, салық төлемейді – бұл бюджет табысының бірінші көзі бола алады. Екіншісі – мемлекет жеке бизнесті қолдауға (банктер және т.б.) берген қаражат. Одан кейін кедендегі үлкен резервтерді ақтару керек»

Биылғы республикалық бюджеттің дефицитті былтыр жоспарланғанын ескерсек, реформалардың дефицитті ұлғайтарына күмән жоқ.

Қажетті резерв қайдан алынады? Оның жауабын Ақорда жақын уақытта беруі тиіс.

Тегтер: