24 Мамыр 16:03

Аламын, алмаймын. Kcell тағдыры НЕГЕ шешілмей отыр?

Фото:

«Jusan bankтің» финтех алпауытқа айналуы кейінге қалдырылды. Банкке иелік ететін «First Heartland» конгламератының «Kcell» ұялы операторын сатып алуы біржақты шешілген жоқ.

Жағдаймен таныс дереккөздің хабарлауынша, «Kcell»-дің әділ бағасын анықтауға қатысты тараптардың көзқарасы екі түрлі болып шыққан. «Kcell» акцияларының 75 пайызына иелік етіп отырған компанияның «Қазақтелеком» екенін ескерсек, «Самұрық-Қазына» қорының аясында мұндай процесстердің ұзақ жүретіні түсінікті.

«Jusan үшін финтехке енудің ең қысқа жолы – ұялы байланыс операторын сатып алу», – дейді қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов. Оның ойынша, Jusan тобында осыған қатысты жоспарлар болған.

«Егер ұялы операторды ала алмаса, «Jusan» үшін Каспидің жолымен, өз экожүйесін қалыптастыру бағытымен жүруге болады. Мемлекет банкке ондай мүмкіндік бере алады. Бірақ ұялы операторды сатып алу жолын таңдайды деп ойлап отырмын. Қазір NDA-ға қол қойылғандықтан, топ оны хабарлай алмай отыруы да ғажап емес»

Nege.kz сауалына жауап берген «Jusan bank» баспасөз қызметі қазіргі таңда банкте «Kcell» акцияларын сатып алуға қатысты ешқандай жұмыс жүргізілмегенін хабарлады. Ол бір жағынан түсінікті, ұялы операторды банк тікелей сатып ала алмайды.

«KCелл» АҚ. Фото: Kursiv.kz

Kcell акцияларын сатып алуды банк емес, «First Heartland» тобы іске асыруы тиіс. Бірақ Nege.kz сауалына «First Heartland Securities» акционерлік қоғамы жауап бермеді.

«Jusan bank» акционерлерінің Kcell-ге «қырындап жүргенін» өткен қыста Bloomberg жазған болатын.

«First Heartland» өз тарапынан бұл ақпаратты растамады, бірақ жоққа да шығармады.

Тегтер: