USD
USD
USD

Алматы облысында Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы ұсталды

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасауда Алматы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысын әшкереледі.

Ұстау
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол жер қатынастары саласында 750 млн теңгеден астам сомаға алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. 

Шенеунік жер учаскелеріне өтімділік беру және оны сатудан айтарлықтай қылмыстық табыс алу мақсатында, Қарасай ауданының жергілікті атқарушы органдарының лауазымды адамдарының көмегімен олардың нысаналы мақсаттарын кадастрлық құн айырмасын төлемей өзгертті.

Нәтижесінде мемлекетке 1 млрд теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірілді.

Бұдан басқа, оған қатысты ұрланған ақшаны жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алу арқылы заңдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүзеге асырылады.

Бүгін күдікті ҚПК-нің 128-бабы негізінде Іле ауданының полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына ұсталып, қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жергілікті полиция қызметіне 20 мыңнан астам адам жетіспейді

ұрлық

Тоқаев Қазақстан Халық кеңесінің құрамын бекітті

қол қою

300-ге жуық үлескер зардап шекті: Астанада «Mardan» тұрғын үй кешеніне қатысты іс сотқа жолданды

«Mardan» тұрғын үй кешені үлескерлерінің қылмыстық ісі

ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Еркінғали Бүркіталин