Жатақханадағы өрттен адам қайтыс болды
Алматыда жатақханадағы өрт кезінде ер адам қайтыс болды, – деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. Департамент баспасөз қызметінің өкілдері Әуезов көшесіндегі өрт туралы хабар 14 желтоқсанда 17:45-те түскенін айтты. Арнайы мамандар оқиға орнына келген уақытта төрт қабатты жатақхананың үшінші қабатындағы бөлме өртеніп жатқанын анықтаған. Қатты түтіннен тұрғындар сыртқа атып шыққан. Өрт сөндірушілерді жолдан көріп, пәтерде адам бар болуы мүмкін екенін айтқан. Өрт сөндірушілер адамды алып шығу үшін терезеден кірген", – делінген ТЖД хабарламасында.
Өрт сөндіру кезінде ер адамның мәйіті табылған, оның кім екені анықталып жатыр. Өрт басқа бөлмелерге көшіп үлгермеген. Қауіпсіздік мамандары келген соң өрт 4 минутта ауыздықталып, 15 шаршы метрді шарпыған өрт 10 минутта толықтай сөндірілген.
Қазір оқып жатыр
«7 айда жауап алуға екі-ақ рет шақырды»: Алматыда журналист Гүлнар Бажкенованың соты басталды
Терроризмге қарсы қорғанысты әлсіреткені үшін 263 басшы айыппұл арқалады
Қазақстан Ресейге жанар-жағармай жеткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын
Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді