USD
USD
USD

Терроризмге қарсы қорғанысты әлсіреткені үшін 263 басшы айыппұл арқалады

Ішкі істер министрлігі осы жылдың бес айында террористік тұрғыдан осал 2 665 нысанды тексерген. 

Терроризмге осал нысан
Фото: polisia.kz

Астана, NEGE. Ведомство ақпаратынша, тексерілген нысандардың 72%-ында терроризмге қарсы қорғаныс деңгейі талапқа сай болып шықты. Ал 736 нысанда заңбұзушылықтар анықталған. Олардың басшыларына кемшіліктерді жою туралы нұсқаулықтар беріліп, айыппұл салынған.

«Терроризмге қарсы қорғаныс талаптарын орындамағаны үшін 263 басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 118 миллион теңгеден асты», – делінген ресми ақпаратта.

Бұған қоса 48 нұсқаулық қайта қаралып, объектілерді күзету талаптарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілген.

Қазір оқып жатыр

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы

Полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып, қаза тапты

Қостанай ПД

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы