USD
USD
USD

«Рейстің кешігуі мәселесіне назар аударды»: Тоқаев Air Astana басшысын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Ибрагим Жанлыелді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

 Air Astana
Фото: Air Astana

Астана, NEGE. Air Astana басшысы Президентке әуе компаниясының ұзақмерзімді даму стратегиясы мен қаржылық көрсеткіштері туралы баяндады.

Жанлыелдідің мәлімдеуінше, әуе паркін 2026-2027 жылдары Boeing 787 Dreamliner жаңа буын ұшақтарымен толықтыру жоспарланған. Бұған қоса компания Airbus A320neo және A321neo маркалы 50 ұшаққа және Boeing 787-9 маркалы 15 әуе кемесіне тапсырыс берген. Олар 2036 жылға дейін жеткізілмек.

Сондай-ақ ол Air Astana компаниясы бағыт санын көбейтіп, мультимодальді тасымалды дамытуды, сондай-ақ ұшу жиілігін ұлғайтуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Президент әуе паркін жаңарту, әуе бағыттарының санын көбейту және жолаушылар мен жүк тасымалының мүмкіндігін арттыру сияқты стратегиялық міндеттерді тиімді жүзеге асырудың маңызына тоқталды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен Жапонияға тікелей әуе рейстерін ашуды басым бағыттаррдың бірі ретінде атады.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысы рейстің кешігуі мен ұшақтардың ауысуы секілді жолаушылар тарапынан жиі айтылатын сынға назар аударып, қазақстандықтар жиі саяхаттайтын елдермен әуе тасымалын дамытуды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Зейнетақы жинағына берілетін мемлекеттік кепілдік неге алынып тасталуы мүмкін?

.

Қазақстан Сингапурдың зейнетақы моделіне көше ме?

зейнетақы

Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады

.

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды

Тоқаев, Сапаров