USD
USD
USD

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Елдің Негізгі Заңы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік билікті ұйымдастыру негіздерін және қоғамның басты құндылықтарын айқындайды.

Адам ұрлау
Фото: ortcom.kz

Астана, NEGE. Жаңа Конституциядағы маңызды өзгерістердің бірі – 15-бапта азаматтардың мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың және мемлекеттік функцияларды атқаратын өзге де тұлғалардың заңсыз әрекетінен келтірілген зиянды өтету құқығының бекітілуі.

Бұл норма азаматтардың құқықтарын қорғауға қосымша конституциялық кепілдік береді. Яғни енді зиянды өтеу құқығы тек салалық заңдармен ғана емес, ең жоғары құқықтық деңгейде – Конституциямен қорғалады.

Егер азаматтың құқығы мемлекеттік органның заңсыз шешімі, әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан бұзылса, ол келтірілген зиянды өтеуді талап ете алады.

Бұған дейін мұндай мәселелер негізінен азаматтық, әкімшілік және өзге де салалық заңнамалар арқылы реттеліп келген. Ал жаңа Конституция бұл құқыққа конституциялық мәртебе беріп, мемлекеттің адам алдындағы жауапкершілігін нақтылай түсті.

Бұл өзгеріс құқық үстемдігін нығайтуға және азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған маңызды қадам саналады. Конституцияда мемлекеттің адам құқықтарын қорғап қана қоймай, өз органдары мен лауазымды адамдарының заңсыз әрекеті үшін жауап беретіні де айқын көрсетілді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы