USD
USD
USD

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

Орталық сайлау комиссиясы 23 тамызға белгіленген Құрылтай депутаттары сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті.

үгіт-насихат
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Комиссия бекіткен жоспарға сәйкес, 2 шілдеден 13 шілде сағат 18.00-ге дейін партиялық тізімдер ұсынылады. Партиялық тізімдер 23 шілде сағат 18.00-ге дейін тіркеледі.

11 шілдеге дейін Аумақтық сайлау комиссияларының құрамдары, олардың орналасқан жерлері, ал 16 шілдеге дейін учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, сайлау учаскелерінің шекаралары мен сайлау комиссияларының орналасқан жерлері жарияланбақ.

Сайлау алдындағы үгіт 23 шілде күні сағат 18.01-ден бастап 22 тамыз сағат 00.00-ге дейін жүргізіледі.

2 тамызда учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша сайлаушылар тізімі ұсынылады.

7 тамызда сайлаушылар өздері туралы сайлаушылар тізіміндегі деректермен таныса алады.

22 тамыз Тыныштық күні деп белгіленді. 

Ал 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.

Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы қазақстандықтарды «елдің одан әрі дамуындағы жаңа кезеңді белгілейтін тарихи оқиғаның қатысушысы бола отырып, азаматтық жауапкершілік танытуға» шақырады.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия

Кландар бірікпей, Қазақстан ӘЧ-ге шыға алмайды – Ермұхамед Мәулен

Қазақстан Ұлттық Футбол Құрамасы

Алматы әкімдігі эвакуация туралы ақпаратты теріске шығарды

сел қаупі