USD
USD
USD

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Алматыда атауы жоқ 156 көшеге ресми түрде жаңа атаулар берілді. Соның ішінде Бостандық ауданына қарасты «Архат» шағынауданының 7-көшесі енді мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің есімімен аталатын болды.

Денис Тен
Фото: the-village-kz

Астана, NEGE. Алматы әкімдігі мен қалалық мәслихаттың бірлескен қаулысына сәйкес, Алатау, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай және Түрксіб аудандарындағы көшелерге жаңа атаулар берілді.

«Көшелерге атау беру туралы шешім 2025 жылғы 8 шілдедегі қалалық ономастикалық комиссияның және 2025 жылғы 10 қыркүйектегі Республикалық ономастикалық комиссияның қорытындылары негізінде, сондай-ақ тұрғындардың пікірін ескере отырып қабылданды», – делінген құжатта.

Осылайша оңтүстік мегаполисте жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің, археолог Карл Байпақовтың, абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың және тіл маманы Рабиға Сыздықтың құрметіне қойылған көшелер пайда болды.

Сонымен қатар қаладағы көшелердің біріне Вьетнамның тұңғыш президентінің есімі берілді. «Ақмаржан» және «Ғажайып» шағынаудандарының арасындағы көше енді Хо Ши Мин көшесі деп аталады.

Сондай-ақ жаңа атаулар қатарында Жарапазан, Жезтаңдай, Парыз, Ғұлама, Маңмаңгер, Мұнара деп аталатын көшелер де кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия

Кландар бірікпей, Қазақстан ӘЧ-ге шыға алмайды – Ермұхамед Мәулен

Қазақстан Ұлттық Футбол Құрамасы

Алматы әкімдігі эвакуация туралы ақпаратты теріске шығарды

сел қаупі