USD
USD
USD

Қазақстан Ресейге жанар-жағармай жеткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын

Энергетика министрлігі Қазақстаннан Ресей Федерациясына жанар-жағармай материалдарын жеткізуге қатысты тараған ақпаратты түсіндірді.

Ресейге жеткізу
Фото: ixbt.com

Астана, NEGE. Ведомствоның хабарлауынша, ресми өтініш түскен жағдайда, Қазақстан өзара тиімді коммерциялық шарттар негізінде Ресейге бензин жеткізуге дайын.

«Ресей Федерациясы Үкіметінен автомобиль отынын сатып алу жөнінде ресми өтініш түскен жағдайда, Қазақстан өзара тиімді коммерциялық шарттар негізінде жанар-жағармай материалдарын жеткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ мұнай өнімдерін жеткізуге қатысты халықаралық келісімдер мен коммерциялық шарттар тек жеткілікті көлемде бос ресурс болған жағдайда ғана жасалатыны атап өтілген.

«Қазақстанның ішкі нарығын толық әрі үздіксіз қамтамасыз ету – басты басымдық болып қала береді. Экспорттық жеткізілімдер азаматтар мен ел экономикасының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қауіп төнбеген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін», – деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Еске салайық, Украина дрондарының мұнай өңдеу зауыттарына жасаған шабуылдарынан кейін соңғы айларда Ресейде жанармай тапшылығы күшейе түсті. Бірқатар мұнай өңдеу кәсіпорнының жұмысы уақытша тоқтап, ішкі нарықтағы жанармай ұсынысы қысқарды. Бұған қоса, жазғы маусымдағы сұраныстың артуы мен кей зауыттардағы жөндеу жұмыстары тапшылықты одан әрі ушықтырды. Соның салдарынан Ресейдің бірнеше өңірінде жанармай сатуға шектеулер енгізіліп, бағалар да өсе бастаған.

Осыған байланысты «Ресей Қазақстаннан жанар-жағармай алуы мүмкін» деген ақпарат тараған болатын.

Алайда бұған дейін энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанға Ресейден бензин жеткізуге қатысты ресми сұраныс түспегенін мәлімдеген еді. Егер де көрші елден сұраныс түссе, Үкімет бұл мәселені қарастыратынын айтқан болатын.

Бұл ретте Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов Ресейдегі жанармай дағдарысы Қазақстанда инфляцияның өсуіне әсер етуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Қазір оқып жатыр

«7 айда жауап алуға екі-ақ рет шақырды»: Алматыда журналист Гүлнар Бажкенованың соты басталды

Гүлнар Бажкенова

Терроризмге қарсы қорғанысты әлсіреткені үшін 263 басшы айыппұл арқалады

Терроризмге осал нысан

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат