USD
USD
USD

Алматы әкімдігі эвакуация туралы ақпаратты теріске шығарды

Алматы қаласының әкімдігі Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан «Ақсай өзеніндегі сел қаупіне байланысты Наурызбай ауданы тұрғындары эвакуацияланып жатыр» деген деген мәліметті теріске шығарды.

сел қаупі
Фото: yandex.kz

Астана, NEGE. Әкімдік өкілдері Наурызбай ауданындағы жағдай бақылауда екенін мәлімдеді.

«Наурызбай ауданында су деңгейінің көтерілуі мен тұрғындарды эвакуациялау болған жоқ. Төтенше жағдайлар департаменті мен Наурызбай ауданы әкімінің аппаратының мәліметінше, аудан тұрғындары эвакуацияланбаған», – делінген хабарламада.

Ал уақытша орналастыру пункттерін әзірлеу тек алдын алу мақсатында қабылданған шара болған.

«Дабыл беру жүйесі іске қосылғанымен, уақытша орналастыру орындарына тұрғындардан ешқандай өтініш түскен жоқ», – дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ қалалық қызметтер Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, Ақсай өзені бассейніндегі ахуалды қадағалап отырғаны айтылды.

«Тұрғындардан сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа ғана сенуді және расталмаған мәліметтерді таратпауды сұраймыз. Жағдай өзгерген жағдайда тұрғындарға ресми байланыс арналары арқылы жедел түрде хабарланады», – деп хабарлады әкімдіктегілер.

Еске салсақ, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Наурызбай ауданында сел қаупіне байланысты Ақсай өзені бойында тұратын тұрғындарды алдын ала эвакуациялау жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді. Сонымен қатар тұрғындар аудандағы мектептер жанынан ұйымдастырылған қабылдау пункттеріне орналастырылып жатқаны айтылған болатын.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия

Кландар бірікпей, Қазақстан ӘЧ-ге шыға алмайды – Ермұхамед Мәулен

Қазақстан Ұлттық Футбол Құрамасы

«Рейстің кешігуі мәселесіне назар аударды»: Тоқаев Air Astana басшысын қабылдады

 Air Astana