17 Ақпан 11:45

Қазақстанда жалақы қалай көтеріліп жатыр?

Фото:

Бұл сұрақтың жауабын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов айтты.

Алматы, NEGE. Министр халықтың табысын арттыру бүкіл Үкімет жұмысының басым бағыты екенін атап өтті. 

«2019 жылдың басынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге – 28-ден 42,5 мың теңгеге дейін артты. Бұл шамамен 1,3 миллион адамға, оның ішінде 275 мың азаматтық қызметшіге тікелей әсер етті. Маусым айынан бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға дейін ұлғайды. 1 млн-нан астам азаматтық қызметші жоғары жалақы алды. Қызметкердің орташа жалақысы 114,5 мың теңге болды», – деді Біржан Нұрымбетов.

Ол, сондай-ақ, 2020 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында мәдениет және архив қызметкерлерінің, педагогтердің және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы тағы да орта есеппен 30 пайызға артқанын атап өтті.

Тегтер: